Шымкент: Білім саласының озаты

01 қазан, 14:01

Еңбек адамы – әлеуметтік құрылымдардың ең маңызды бөлшегі. Қай сала болмасын жасампаз тұлғалардың еңбекқорлығының арқасында өрлеу мен өркендеу салатант құрады. Міне, осындай еңбек адамы белгілі бір мекемені ғана емес, елдің дамуына орасан үлес қоспақ. Шымкенттік ұстаз Хатира Мырзабаева өскелең ұрпақтың сапалы білім мен саналы тәрбие беру ісінде 30 жылдан бері талмай еңбек етіп келеді, деп мәлімдеді Шымкент қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Бүгінде «Нұртас» зияткерлік мектебінде бастауыш сыныптар бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып отырған Хатира Ноғайбекқызы ұзақ жылдық тәжірибесіне сүйеніп, оқушыға білімнен бұрын тәрбие маңызды екенін алға тартты.

– Әбу Насыр әл-Фараби: «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі» деген қанатты сөзі бар. Бұл сөздің растығын өмір тәжірибесі талай мәрте дәлелдегені белгілі. Ұрпаққа үлгілі тәрбие бере алу – қоғамның өзін, тірегін қалыптастыру дегені. Соның ішінде балаға өнегелі тәртіп пен саналы тәрбие бере білу – өлшеуі жоқ қазына. Әрине, біз қашанда бастауыш сынып бүлдіршіндеріне білім беруді парыз деп санасақ та, тәрбие ісін жан-жақты жетілдіріп отыру негізгі міндетіміз. Өйткені, білім мен тәрбиенің үйлесімі ғана егемен еліміздің дамуына үлес қосатын жас өрендерді өсіреді. Білімді ұрпақ болашағымызды жарқын етіп, елімізді әлемге танытады. Ал біз өскелең ұрпақты тәрбилеп, білім беру жолында еңбегімізді аямайтын боламыз, — дейді Хатира Мырзабаева.

Кейіпкеріміздің еңбек жолы өзге әріптестеріне үлгі. Мектеп табалдырығын енді аттаған бүлдіршіндерді білім нәрімен сусындатар ұстаздарға жетекшілік етіп, оларға бағып берудегі еңбегі елеусіз қалмады. Күні кеше Шымкент қаласында Еңбек күні мерекесінде Хатира Ноғайбекқызы озаттар қатарынан көрініп, қала әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Әр адам өз несібесін еңбектен ғана табады. Бар ғұмырын, ұрпақ тәрбиесінің ыстығы мен суығына қатар төзетін еңбек адамы қашанда мақтанышымызға айнала бермек.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы Білім басқармасының баспасөз қызметі

20 желтоқсан, 11:58
Абайлаңыз, ел ішін "Омикрон" кезіп жүр
18 желтоқсан, 16:00
“Жастар тоқтамай жаңа әндер жазуы керек”. Ерлан Көкеев трендтегі әндерге байланысты пікір білдірді
17 желтоқсан, 13:58
Телефон жоғалса не істеу керек?
17 желтоқсан, 12:23
«Ән мәтінін бақылайтын арнайы орган болуы керек». Ақын Асқар Дүйсенбі қазіргі әндердің мәтініне қатысты пікір білдірді
13 желтоқсан, 14:31
“Қайратпен өнерімізді түгел көрсетіп болдық”. Сырым Исабаев не себепті сахнадан кетті?
12 желтоқсан, 12:12
Ернұр Айнаев: Жастардың жыныстық сауатын арттыру қажет
11 желтоқсан, 12:47
Журналистер ақпарат бәсекесінде неге блогерден жеңіледі?
09 желтоқсан, 19:04
Жерге түкіру мен сағыз тастауды қалай шектейміз?
06 желтоқсан, 19:02
"Қаяқ, бұяқ" дейтіндер тілді бұзып жүр ме?