jasqazaq.kz

Шымкент: Білім саласындағы жемқорлыққа жол жоқ

17 сәуiр 2024, 13:53

Бүгінде еліміз бойынша білім беру мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлық мәселесі өзекті болып отыр. Мемлекет тарапынан нақты іс-шаралар қолға алынғанымен, білім саласындағы жемқорлық фактілері жиі кездеседі. Осыған орай Шымкент қаласы Білім басқармасының ұйытқы болуымен қоғамдық кеңес өтті. Бұл туралы аталған басқарманың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қоғамдық кеңесте ең алдымен білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету мәселелері талқыланды. Шымкенттің білім саласында сыбайлас жемқорлық фактілерінің тыйылмай отырғаны айтылды. Директорлардың қарамағындағы қызметкерлерден ақша жинағаны, жұмысқа орналасу үшін ақша сұрайтыны сияқты әңгімелердің айтылып жүргені сөз болды.
Жиынға Қоғамдық кеңес мүшелерімен бірге еліміздің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті превенция басқармасы басшысының орынбасары Нұртөре Қалдыбаев және қаладағы білім ошақтарының директорлары қатысты.

Жиында баяндама жасаған қалалық білім беру басқармасының басшысы Нұргүл Шамшиева жемқорлықтың алдын алу, оны болдырмау, ата-аналардан, оқытушылардан заңсыз ақша жинауды тоқтату үшін атқарылып жатқан істерді атап өтті. Сонымен қатар, қаланың бас ұстазы еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында қызмет етіп жатқанын баяндады. Сондай-ақ, мереке кезінде сыйлық алмау және бермеу, мұғалімдерге сыйлыққа деп ақша жинамау туралы ата-аналарға жиналыс сайын ескертілетінін тілге тиек етті.

Қазақстанда мемлекеттік мектеп директорын тағайындау тәртібіне өзгерістер енген. Осы уақытқа дейін мектеп басшылары конкурс негізінде жұмысқа орналасып, міндетті сертификаттау мен әңгімелесуден өтетін. Алдағы уақытта мектептің бірінші басшыларын кадрлық резервтен алу іске асады.

Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияның төрағасы Жанысбек Өтеген: « Басшы өзінің ар-ұятының алдында адал болуы керек. Біздің мақсатымыз – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, болдырмау. Егер адал әрі әділ білім үшін жұмыс істейтін болса, біз мықты Қазақстанның болашағын қалыптастырамыз. Балаларымыз дамыған елде тұрсын десек, білімге адал қызмет етуіміз керек», – деді.

Жиын барысында жемқорлықтың алдын алу, ата-аналармен қарым-қатынас, педагог мамандарына деген сенімді арттыру сынды мәселелер талқыланды.

Мақпал Махамет

Суреттер: Шымкент қаласы Білім басқармасының баспасөз қызметі

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?