jasqazaq.kz

Шымкент: Білім саласындағы жаңа стандартқа — жаңа көзқарас

15 сәуiр 2024, 14:27

Еліміздің үшінші мегаполисі – Шымкент қаласында білім саласына ерекше мән беріледі. Бұл бағытта түрлі шаралар тұрақты түрде өткізіледі. Сондай шараның бірі қалалық білім басқармасы ұйымдастырған — «Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының (МЖМБС) жобасын түсіндіру жұмыстары» тақырыбындағы семинар. Шымкент қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі мәлімдегендей, аталмыш шара мектеп басшыларына арналды.

Жиында Басқарма басшысының орынбасары Гүлнәр Дарыбаева орта білім берудің мазмұны, көзделген нәтижелер мен іске асыру тетігі туралы айтып берді. Семинарға білім беру мекемелерінен 150-ден астам басшы қатысты. Кездесуде орта білім беру мазмұнын жетілдірудің стратегиясы, білім саласындағы жаңалықтарды ақпараттық сүйемелдеу тәсілдері, білім мазмұнын жаңартудың теориялық-әдіснамалық аспектілері, заманауи тәсілдері және (Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты) жобасының мазмұны туралы жан-жақты ақпарат берілді.

Фасилитациялық сессия барысында әдіскерлер М.Рокичтің терминалдық және инструменталдық құндылықтары негізінде білім алушылардың бойында болуы тиіс қасиетті анықтап, оқу мақсатынан көрініс табатын дағдыға егжей-тегжей талқылау жасады.
Әдістемелік орталықтың әдіскерлері білім беру ұйымы директорының орынбасарларына түсіндірме сессиясын өткізді. Сессия соңында қатысушылар тарапынан ҮОЖ (үлгілік оқу жоспары) мен инструменталдық құндылықтарды пәнге ендіру бойынша ұсыныстар айтылды.

Арнайы іс-шараға Шымкент қаласы білім басқармасының Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің бас маманы, WorldSkills Shymkent қозғалысына жауапты тұлға Лаура Амангелдіқызы, әр колледжден WKS қозғалысына жауапты мамандар, ұйымдастыру комитеті, 42 құзыреттілік бойынша білікті сарапшылар қатысты.

Сонымен қатар Білім басқармасының мамандары биыл Шымкентте өтетін «WORLDSKILLS SHYMKENT-2024» кәсіби шеберлік чемпионатын ұйымдастыру жұмыстарын да талқылады.

М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі» директорының орынбасары Сейілхан Сайыпназарұлы WorldSkills Kazakhstan Бас Ассамблеясының отырысында қаралған мәселе бойынша ақпараттық талдау жасады. «Индустриялық-техникалық колледжі» директорының орынбасары Нұрболат Абдуллаев CIS жүйесінде жұмыс істеу, бағалау бойынша жаңадан тағайындалған сарапшыларға нұсқаулық беру әрі кәсіби шеберлік чемпионатын дұрыс ұйымдастыру туралы баяндады.
Жиын қорытындысында сарапшылар өз ұсыныстарын ортаға тастады.

Әлима Әлмерек

Суреттер: Шымкент қаласы Білім басқармасының баспасөз қызметі

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?