Шымкент: Білім саласында жаңалық көп

17 маусым, 15:22

Еліміздің үшінші мегаполисінде балалар мен жастардың білім алуына жан-жақты жағлдай жасалған. Соған орай білім саласында жаңалық көп.

Мәселен, жуырда Шымшаһарда АҚШ-тың Webster университетінің филиалы ашылатыны жария етілді. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков осы Webster университетінің президенті Джулиан Шустер бастаған АҚШ делегациясымен кездесті.
Кездесу барысында тараптар университеттің Шымкентте филиалын ашу мүмкіндігі, сондай-ақ инклюзивті білім беру бағытында ынтымақтастық және бірлескен білім беру жобаларын іске асыру мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар, осы оқу орнына мұғалімдерді даярлау, қайта даярлау мүмкіндігі жайында пікір алмасты.

Ғалым Сыздықбеков өз кезегінде білім беру сапасын арттыру және білікті ұстаздарды даярлау, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қызметтер қолжетімділігін арттыру мақсатындағы бастамаларға қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша әріптестерге осы жобаларды іске асырудың егжей-тегжейін пысықтауды тапсырды.

Ал қаладағы білім саласына келсек, биыл Шымкент республикалық «Жас ұлан» мектебінің құрылғанына 40 жыл толды. Сұрапыл соғыс жылдарында өшпес ерлік пен қайтпас қайсарлықтың үлгі¬сін көрсеткен қазақ батыры, Орталық Азиядан шық¬қан тұңғыш генерал Сабыр Рақы¬мовтың есімі берілген мектепті биыл 198 түлек бітірді. Бұл мектептен мақсаты биік, білімі терең, дайындығы мықты, құрыштай шыңдал¬ған, әскери қару-жарақты шебер меңгерген, Отанын, мемлекет мүд¬десін қорғай алатын түлектер ұшып шығады. Қырық жыл ішінде мектеп түлектері қатарынан 6 бірдей генерал, бірнеше қоғам қайраткері, көптеген биік лауазым иелері шығып, мектептің мәртебесін көтеріп жүр.

Білім ордасы айтулы күнге айрықша дайындықпен келді. Іс-шараға еліміздің бас қаласы – Астанадан, алыс-жақын шетелдерден мектептің түлектері мен қонақтары бас қосып, ыстық лебіздерін білдірді. Салтанатты іс-шараға сондай-ақ, Қорғаныс Министрлігінің орынбасарлары, генералдар, ҚР Қарулы Күштер ардагерлер төрағасы, «Жас сарбаз» патриоттық клубы қатысты. Салтанатты жиын Астана алаңында жас түлектерге аттестат тапсыру рәсімімен басталып, Түркістан сарайында мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасты.

«Жас ұлан» мектебінің ұйымын мерейтоймен құттықтай келген ақын, сазгер Әкім Ысқақ мектеп түлектеріне өсиетін айтып, генералдарға өзінің «Темір генерал» кітабының тұсауын кестірді.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде