Шымкент: Білім мен ғылым саласында Германиямен байланыс нығайды

04 шiлде, 13:18

Қазақстан мен Германия арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 30 жылдан асты. Екі ел арасында сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық байланыс жылдан-жылға нығайып келеді. Осы жылдар ішінде Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті Германияның Мюнхен, Дрездена, Хемницкий техникалық университеттері және Хайльбронн, Hof қолданбалы ғылымдар университеттерімен білім беру бағытында ынтымақтастық орнатып, жас ғалымдарымыз аталған оқу орындарында тағылымдамадан өтіп, бірлескен зерттеулер де жүргізіп келеді. Бұл туралы бүгін Әуезов университетіне арнайы келген Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Моника Иверсенмен өткен кездесуде айтылды.

М.Әуезов атындағы ОҚУ Басқарма төрағасы – ректордың міндетін атқарушы Қайрат Нұрманбетов арнайы келген қонаққа алғысын жеткізіп: «Әуезов атындағы университет әлемнің 200-ден астам оқу орны және ғылыми ұйымдарымен ынтымақтастықта жұмыс істейді. Соның ішінде Германияның жетекші 7 жоғары оқу орнында оқытушыларымыз академиялық ұтқырлық бағдарламасымен білім алады және мемлекеттік «500 ғалым» жобасымен тағылымдамадан өтуде. Сондай-ақ Эразмус бағдарламасымен оқу-тәжірибеден өтіп, германиялық профессорлар бізде дәріс жүргізуде. Екі ел арасында білім мен ғылымды дамытуға бағытталған ортақ меморандумдар арқылы студенттердің тәжірибе алмасу жағы да қарастырылып жатыр. Біз Германияның ғылыми тәжірибелерін қолданысқа енгізіп жатырмыз. Белсенді серіктестігіміз екі елдің білім мен ғылым саласын дамытуға ары қарай да үлесін қоса беретініне сенімдіміз», — деп атап өтті.

Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Моника Иверсен Шымқалаға осымен екінші рет табан тіреген.

«Қазақстан мен Германия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың іргетасы берік. Әсіресе, соңғы екі жылда білім-ғылым саласында ынтымақтастық аясы кеңейе түсті. Біз бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыруға мүдделіміз. Қазіргі таңда екі жақты келісім жүргізіліп, ғылыми байланыстың әрі қарай орнауына ортақ күш жұмсалып жатыр. Ең бастысы, студенттерімізге сапалы білім беру, жан-жақты қолдау көрсету — ортақ міндетіміз», — деді Моника Иверсен.

Кездесуде екі ел арасында жоғары білім беру мен ғылыми зерттеулер саласындағы серіктестікті кеңейту мәселелері қозғалып, зертханаларды жаңа заманауи жабдықтармен қамту, техникалық ұсыныстары айтылды.

JQ-Aqparat

Cуреттер: М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде