jasqazaq.kz

Шымкент: Білім көшбасшылары марапатталды

30 мамыр 2024, 10:57

Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде жылдың үздік студенттері марапатталды. Қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, «AUEZOV UNIVERSITY»: БІЛІМ КӨШБАСШЫЛАРЫ — 2024» атты жеңімпаздар үшін арнайы ұйымдастырылған салтанатты іс-шарада республикалық додаларда топ жарған оқу ордасының 100-ге жуық студенті Алғыс хат алды.

Елімізде жыл сайын Астана, Алматы және өзге қалаларының жетекші ЖОО-да өтетін дәстүрлі пәндік олимпиадалар ел экономикасының өзекті салаларын қамтиды. Атап айтсақ: машина жасау, жылу техникасы, тоқыма, азық-түлік өнімдерінің технологиясы, туризм, су ресурстары және суды пайдалану, аграрлық техника және технология, агрономия, психология, жаратылыстану, геотехника, режиссура, сәндік өнер, кәсіптік оқыту және тағы да басқа маңызды салалар.

Салтанатты жиында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Басқарма төрағасы–ректор міндетін уақытша атқарушы Қайрат Нұрманбетов сөз алып, жеңімпаз студенттерге лебізін білдірді.

-Студенттерге өзі таңдаған мамандығы бойынша республикалық пәндік олимпиаданың жеңімпазы болудан асқан мәртебе жоқ деп ойлаймын. Біз үшін шәкіртіміздің биіктен белестен көрініп, өз салсаның білікті маманы болуы маңызды.Еліміздің жетекші жоғары оқу орындарында оқитын қаншама студенттің арасынан білім додасында топ жарып, жоғары білім деңгейі мен біліктілігін көрсеткен студенттерімізді шын жүректен құттықтаймын! Бұл үлкен жетістік, әрі болашаққа деген нық қадам деп білемін. Техникалық, гуманитарлық және шығармашылық бағыттардағы білім бағдарламалары аясындағы пәндер бойынша Әуезов университетінің 97 білім алушысы жүлделі орындардан көрінді. Атап айтқанда, 26 студент – І орын, 20 студент – ІІ орын, 51 студент ІІІ орын алып, оқу ордамыздың абыройын асқақтатып отыр. Республикалық додаларда жоғары нәтиже көрсететін студенттеріміздің қатары жыл сайын артып келеді. Сіздерді білім бәсекесіне даярлаған жетекшілеріңізге де айтар алғысымыз көп, — деді Қайрат Еңбекшіұлы.

Жеңімпаздар үшін арнайы ұйымдастырылған шара соңы концерттік бағдарламаға ұласып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

2023-2024 оқу жылындағы республикалық пәндік олимпиада жеңімпаздарына университеттің Түлектер ассоциациясы қорының демеушілігімен «Kinopark» кинотеатрында Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы туралы «Соңғы үкім» фильмінің көрсетілімі ұйымдастырылды.

JQ-Aqparat

Шымкент қаласы Білім басқармасының баспасөз қызметі

12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды