Шымкент: Бес жұлдызды қонақ үй салынады

13 маусым, 13:25

Шымкентте бес жұлдызды қонақ үй бой көтермек. Осыған орай Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков «Hilton» халықаралық желісінің қонақ үйінің құрылысы аумағында капсула салу рәсіміне қатысты. Шымкент-сити шағынауданында іргетасы қаланған бес жұлдызды қонақ үйдің құрылысы 2026 жылы аяқталуы тиіс.

Шаһар басшысы қонақ үй кешенінің жобасымен танысып, оның құрылысын жылдамдатып бастауды тапсырды.
Қазіргі заманға сай қонақ үйлердің пайда болуы қаланы тартымды етіп, туризмнің дамуына айрықша серпін беретіні сөзсіз. Сонымен бірге әкімнің пікірінше «Мұндай нысандар туристік әлеуетті дамытуда ғана емес, қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыруда да маңызды. «Hilton» — әлемге әйгілі бренд. Болашақта қонақ үй қаламызды толықтырып, туристер мен барлық қонақтар үшін тартымды етеді», — деп атап өтті қала әкімі.

Жоспардағы құрылыс жобасы бойынша, қонақ үйде 167 бөлме, ballroom, мейрамханалар, фитнес-орталық және бірнеше конференц-зал бар. Осындай ауқымды құрылыстың арқасында 200-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылмақ.

Сонымен қатар, қала әкімі ұлттық стильде салынған «Qazaq Hotel» қонақ үйіне барды. Жобаны іске асыру нәтижесінде 30 жұмыс орны құрылды. Жаңа қонақ үйде 64 заманауи және жайлы бөлмелер бар. Қонақтардың жайлылығы үшін қосымша қызметтер – мейрамхана, SPA-салон, конференц-зал және автотұрақ қарастырылған.

Айта кетейік, жуырда Шымшаһардың көркін арттырып, тұрғындар мен қонақтарға заманауи талапқа сай жайлы жағдай жасау мақсатында теміржол вокзалының ғимараты қайта жаңартылғаны айтылды. 10 жылға жоспарланған инвестиция қаражаты бір жыл ішінде қарастырылып, былтыр 10 маусымда басталған жұмыстар 2024 жылдың 10 мамырында толық аяқталды. Сенімгерлік басқаруға нысанды беру арқылы қайта жаңғырту жұмыстары тиімді жүзеге асқан. Мұнда тәулігіне 27 бағыт бойынша пойыздардың қызметі ұйымдастырылған.

1968 жылы салынған ескі вокзалдың жалпы ғимарат алаңы — 1 770,2 шаршы метр, ал өткізу қабілеті тәулігіне 2 мың жолаушы еді. Қайта жаңғырту жұмыстарынан кейін теміржол вокзалының аумағы 2 249,33 шаршы метрге ұлғайып, өткізу қабілеті тәулігіне 6 мың адамға дейін артты. Сондай-ақ жолаушыларды күту залының аумағы 898,3 шаршы метрден 1 982,3 шаршы метрге дейін кеңейтілді.
Жобада ғимараттың екінші кіреберісі, жолаушыларға жайлы қызмет көрсететін заманауи талапқа сай 2 күту залы және екінші қабатта фудкорт қарастырылды. Вокзал ғимаратының қасбеті мегаполистің сәулеттік келбетіне сай жабдықталып, шыны витражды жүйелерден және металл кассеталардан жасалды.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникация қызметі

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде