jasqazaq.kz

Шымкент: Басты назарда — ана мен баланың болашағы

29 мамыр 2024, 13:32

Шымкент қаласында әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, жиынға қала әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Сәрсен Құранбек, басқарма басшылары және жергілікті үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасының іске асырылуы туралы мәселелер талқыланды.
Атап айтқанда, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өмірсейтқызы қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға көмек, отбасылық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен азаматтардың дағдарыс орталығындағы жағдайы, өзекті мәселелері бойынша сөз қозғады. Ал ана мен бала денсаулығы, баласыз отбасыларды мемлекеттік қолдау, «Аңсаған сәби» мемлекеттік бағдарламасы жайында Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Сәуле Дүйсенбаева баяндама жасап, жиынға қатысушылар тарапынан туындаған сұрақтарға жауап берді.

Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысының м.у.а. Мөлдір Кеуенова «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасының Шымкент қаласында іске асырылу барысы мен отбасылық және гендерлік саясатты іске асыруға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарлары туралы айтты. Сондай-ақ, отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы тұру, полиция жанындағы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобы инспекторларының жұмысы туралы Шымкент қаласының Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Данабай Алиевтің баяндамасы тыңдалды.
Әйелдердің құқығы мен экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту еліміздің 2030 жылға дейінгі Отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасында да, сондай-ақ тұрақты даму мақсаттарында да ерекше назарға алынған басымдықтың бірі. Әйелдердің кәсіпкерлік белсенділігін арттыру және қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы әйелдердің рөлін күшейту үшін де атқарылып жатқан істер аз емес. Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау орталықтарының жұмысы және кәсіпкер әйелдердің қаржылық сауаттылығын арттыру бағытында қолдау шаралары туралы да жиында айтылды. Сонымен қатар ана бен баланы қорғау, отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу, ана мен баланың денсаулығы мен әлеуметтік жағдайын жақсарту жайы да жиын барысында талқыға түсті.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды