jasqazaq.kz

Шымкент: Спорттық инфрақұрылымды дамыту — басты назарда

25 шiлде 2024, 9:55


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтының маңыздылығына тоқталып, саланы дамытуда жергілікті өзін-өзі басқару органдарына демеушілер мен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік әлеуетін тиімді пайдалану қажеттігін жеткізген болатын. Бұл ретте тұрғындардың да белсенділік танытуы маңызды. Ол үшін ең алдымен мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалуы керек.
Спорттық инфрақұрылымның дамуы шымкенттіктерге спортпен айналысуға қолайлы жағдай туғызып отыр, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бүгінде Шымкентте дене шынықтыру мен бұқаралық спортты кеңінен насихаттауға ден қойылған. Қала тұрғындарының салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасау мақсатында серуендеу алаңдары мен түрлі орталықтар пайдалануға берілуде. Саябақтар мен қоғамдық орындар да азаматтардың жаттығу жасап, дене шынықтыруына қолайлы жасалуда.

Жуырда қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасы бойынша жүгіру және веложолы бар жаңа серуендеу алаңы пайдалануға берілді. Жол бойында бірнеше жаттығу алаңдары салынған. Жоба бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге асырылды. Қазір Нұрсәт шағынауданында, қала әкімдігінің жанындағы саябақта тағы бір жүгіру жолы салынуда.
Айта кетейік, Президент тапсырмасын жүзеге асыру аясында жыл басынан бері Шымкентте салауатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спортты дамыту мақсатында 97 спорттық іс-шара өткізіліп, оған 11 мыңнан астам адам қатысты. Қазіргі таңда мегаполисте 33 спорт ұйымында 74 спорт түрі дамып келеді.
Алдағы жылдары Шымкент қаласында спорттық инфрақұрылымды жетілдіру мен бұқаралық спортты дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қала береді. Биыл Қажымұқан атындағы орталық стандионды реконструкциялау жұмыстары басталады. Алдағы жылдары «Шымкент сити» шағын ауданында «Шымкент арена» спорт сарайы, Тұран шағынауданында заманауи теннис орталығы, жаңа ат манежі, №15, 16 спорт мектептерінің жаңа корпустар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған арнайы спорт кешені салынады. Бұған қоса жеке инвесторлардың есебінен қаланың 5 ауданның әрқайсысында спорттық-сауықтыру орталықтары мен ірі спорт кешендерін ашу жоспарланған.
Сонымен қатар, жыл соңына дейін «SPORT LIFE» шағын футбол орталығын және үш спорт залы бар «ЕЛАМАН» спорт кешенін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды
17 желтоқсан 2025, 14:07
Алматы жастары экомәдениетті қалыптастыруда көш бастап тұр