Шымкент: Басты міндет — қаланы тұрғындарға жайлы ету

05 шiлде, 13:56

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков әдеттегідей шаһарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстарды өз көзімен көрді.

Ғабит Сыздықбеков ең алдымен Еңбекші ауданына қарасты Ұлағат шағын ауданындағы кәріз желілерінің жай-күйін тексерді. Бұл нысанда 2021 жылы құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 2022 жылы қабылдау актісіне қол қойылған. Тексеру барысында мердігер ұйымның немқұрайлығына байланысты құрылыс-монтаж жұмыстары кезінде көптеген кемшіліктер орын алғаны анықталды. Мәселен, Баянды, Ақбұлақ, Ақсарай және Көкөзен көшелерінде жалпы ұзындығы 700 метрге жуық кәріз құбыры жүргізілмеген. Кейбір көшеде құбыр биік жерге орнатылғаны және кәріз-сорғы станциясы мүлде іске қосылмағаны анықталды. Кәріз құдықтары қоқыспен толтырылған. Жұмыс аяқталғаннан кейін де компания бірнеше көшеде қазылған жолды қалпына келтірмеген.

Тапсырыс беруші тарапынан қабылдау актісіне басқарма басшысының орынбасары Мақсат Ердембеков қол қойған. Бас мердігер «Алемстрой-1» ЖШС директоры Марат Сапарбеков, қосалқы мердігер тарапынан «Еуро-Құрылыс» ЖШС директоры Олжас Жандарқұлов және «СпецКоммунстрой» ЖШС директоры Б.Разимбеков. Техникалық қадағалауға директор Дүйсенкүл Анарбекова мен сарапшы Махсұт Құдайбергенов «Амал» ЖШС тарапынан жауапты болған. Авторлық қадағалау үшін- «Шабыт-21» ЖШС директорының міндетін атқарушы Асанәлі Ералыұлы жауапты.
Осыған орай алдағы уақытта «Су құбыры және кәріз басқармасы» МКК мамандары нысанға нүктелік тексеру жүргізеді. Ағымдағы жылдың маусым айында Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне хат жолданды. Ал жауапты азаматтарға қатысты ең қатаң шаралар қабылданады.

Шаһар басшысының назарынан Сарышаған көшесінде тұратын «Тәуелсіздікке 20 жыл» тұрғын үй алабы тұрғынының өтініші де назардан тыс қалмады. Заңнамаға сәйкес, азаматтар өз есебінен ішкі инфрақұрылымды жөндеуге міндетті. Соған қарамастан, қала әкімі жауапты тұлғаларға тұрғынға көмектесуді және сумен жабдықтауды жедел қалпына келтіруді тапсырды.

Одан кейін әкім Жаңаталап тұрғын алабындағы, Қонаев даңғылындағы, Володарский көшесінің қиылысындағы көпірлердің құрылысын тексерді. Мердігер ұйым өкілдеріне барлық жұмысты сапалы және мерзімінде аяқтауды тапсырды.
Әрмен қарай теміржол вокзалының маңындағы аумақты абаттандыру жұмыстарын және «Ордабасы» алаңындағы субұрқақтарды қайта жаңарту барысымен де танысып, салалық басқарма басшыларына бірқатар міндеттер қойылды.
Слнымен қатар, қала әкімі айналма жол аясында «Ескі қала» аумағында құрылыс материалдарын сатумен айналысатын кәсіпкерлермен кездесті. Оларға сауда нүктесі қаланың бірыңғай дизайн-кодына сәйкес келу керек екенін және өртке қарсы қауіпсіздігіне ерекше назар аудару қажеттігін жеткізді.
Мәделі Қожа көшесіндегі Халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратын аралап, «Абай»атындағы саябақтың санитарлық жағдайымен танысты. Қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында жауапты мамандарға әкім тарапынан бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар алаңы

Бүгін, 17:35
Түркістан облысында 500 мыңға тарта оқушыға жол қауіпсіздігі бойынша сабақ өткізілді
30 тамыз, 23:58
Түркістан: Полиция департаментінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жедел кеңес өтті
30 тамыз, 23:55
Түркістан полициясы Конституция күнін атап өтті
30 тамыз, 23:53
Түркістан облысында Конституциямен құрдас 140-тан астам полицей қызмет етеді
30 тамыз, 23:51
Түркістан полициясы Конституция күніне орай бірқатар іс-шара өткізді
30 тамыз, 1:50
Түркістан: Есірткіге қарсы ымырасыз күрес
28 тамыз, 19:46
Түркістан: Мереке қарсаңында 180-нен астам полиция қызметкері марапатталды
28 тамыз, 14:57
Түркістан: Арыс ауданында профилактикалық іс-шаралар өтуде
27 тамыз, 15:06
Бекзат Бекжанұлы: Қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндетіміз