jasqazaq.kz

Шымкент: Басты мақсат- білім сапасын арттыру

16 тамыз 2024, 11:14

Шымкент шаһарындағы «Tulip Hall» мәдени орталығында «DIGITAL KAZAKHSTAN: ЖАҢА ЗАМАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ» тақырыбында педагогтердің қалалық дәстүрлі тамыз конференциясы өтті. Білім күні қарсаңындағы маңызды жиынға қатысқан қала әкімі Ғабит Сыздықбеков баршаны алдағы жаңа оқу жылымен құттықтап, саланың үздіктерін марапаттады, деп мәлімдеді Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
“Бүгінде цифрлық технологияларды, жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану – негізгі талаптардың бірі. Бұл әрбір білім алушының, педагогтың және білім беру ұйымының оқу процесін жетілдіру үшін сөзсіз қажет. Бүгінгі таңда елімізде цифрландыру жүйесі қарқынды дамып келеді. Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, яғни, балабақшаға кезекке қою, оқушыларды 1-сыныпқа қабылдау, педагогтардың аттестациясы, сонымен қатар, цифрлық білім беру платформалары, ақпараттық электрондық журнал және «Қауіпсіз мектеп» автоматтандырылған жүйесі жүзеге асырылып жатыр” – деді қала әкімі.
Саладағы басты жаңалық – Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасының әзірленуі. Оның басты мақсаты – білім сапасын арттыру. Аталған ұлттық баяндаманы Шымкент қаласында жүзеге асырудың Жол картасы дайындалды. Негізгі көрсеткіштері мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына енгізілді. Жаңа оқу жылынан бастап «Нысаналы мектептер» жобасы бастау алады. Білім сапасында олқылығы бар 40 нысаналы мектепке әдістемелік сүйемелдеу жасалып, педаготерінің кәсіби дамуына жағдай жасалады.
Сонымен қатар, отырыста педагогтердің құзыреттерін арттыру, білім беру бағдарламалары мен оқыту әдістемелерін кеңейту, ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және жас ғалымдарға зерттеулер жүргізу бағытында қолдау көрсету жөнінде ұсыныстар айтылды
Конференция барысында білім берудегі цифрлық инновациялар, жасанды интеллект технологиялары, білім беру жүйесін дамытудың бірыңғай ұстанымдарын қалыптастыру мәселелері талқыланды. Инновациялық жобалар мен цифрлық платформалардың арнайы көрмесі ұйымдастырылды.
Айта кетейік, 21 тамызда Астана қаласында өтетін Саммитке ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өңірлер бойынша бөлінісіне сәйкес Шымкенттен 38 делегация мүшесі қатысатын болады.

JQ-Aqparat
Cурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды
17 желтоқсан 2025, 14:07
Алматы жастары экомәдениетті қалыптастыруда көш бастап тұр