jasqazaq.kz

Шымкент: Балалар теміржолы жаңғыртылады

13 мамыр 2024, 12:51

Шымкент қаласын дамыту ісінде ештеңе де ескерусіз қалмайды. Шымшаһардың тұрғындары демеушілер тарапынан жүзеге асырылып жатқан көптеген жобалардың игілігін көруде. Бұл орайда атқарылып жатқан шаруа орасан. Соның бірі  демалыс саябақтарын жаңарту, кеңейтумен байланысты. Өткенде қала әкімі Ғабит Сыздықбеков журналистермен бірге А.Асқаров атындағы дендробақтан бастау алатын балалар теміржолына барып, жаңа серуен аймағының тұжырымдамасын таныстырды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қаладағы балалар пойыз жолының бойы да бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жаңғыртылады. Жобаға сәйкес, веложол, жүгіру жолдары, бірнеше воркаут алаңдары салынып, жан-жағы көгалдандырылады. Жаңа серуен аймағын 1-ші маусымда пайдалануға беру жоспарлануда.

Айта кетерлігі, нысанды жаңғырту үшін қомақты қаржы құю қажет. Себебі  мұндай локомотивтер қазір  шығарылмайды екен. Ал арнайы тапсырыспен жасатса, қымбатқа түседі.

Осы орайда қала басшысы  Ғадит Сыздықбеков: «Серуен аймағы туралы шешімді қабылдауда нақты жағдайлар ескерілді. Демеушілер тарапынан салынатын жаңа серуен аймағы халықтың сүйікті алаңына айналады. Жалпы қалада шешімін күткен өзге де өзекті мәселелер көп. Көпқабатты үйлердегі ыстық су, ауыз су, ирригация және канализация жүргізілмеген аудандар жетерлік. Қала бюджетін осындай халыққа аса қажет жобаларға жұмсаймыз», — деді.

Арғынбеков-Бәйдібек би жол айрығын салу кезінде теміржолдың бір бөлігі бұзылғанын ескерген қала басшысы жауаптыларға жаяу жүргіншілер жолын ыңғайлы етіп салуды тапсырды. Ал екі станса орны кәсіпкерлерге беріліп, ескі локомотив естелік ретінде сақталады. Ағаштары бүлініп, жолдары кедір-бұдыр болып, қараусыз қалған аумақ енді заманауи үлгідегі серуен аймағы ретінде пайдалануға беріледі. Бұл бағыттағы барлық жұмыстарды қала әкімі өз  бақылауында ұстайды.

Сонымен қатар, мегаполис басшысы мен журналистер Тәуке хан даңғылындағы жаяу жүргіншілер жолының жағдайымен танысты. Қала тұрғындары қыс мезгілінде тротуар плиталарының қозғалысқа қауіпті екенін айтып, бірнеше рет шағымданған еді. Тұрғындардың шағымдарын ескере отырып, сауалнама да жүргізілді. Сауалнамаға қатысқандардың 90 пайызы тротуар плиталарын асфальт төсемімен ауыстыруды қолдаған.

Сондықтан қала әкімі жаяу жүргіншілерге арналған тротуарларды асфальттеу туралы шешім қабылдады.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды