Шымкент: Балалар ауруханасында жылына 5 мыңнан астам операция жасалады

14 мамыр, 16:21

Денсаулық саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларына арналған брифингте Шымшаһардағы беделді ауруханалардың бас дәрігерлері  қатысты. Шымкент қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Қайрат Қалибеков, Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасының бас дәрігері Динара Жұмаділова және №1 қалалық емханасының бас дәрігері Махамбет Бейсеуов атқарылып жатқан жұмыстар жайында есеп берді.

Бүгінгі күні Шымкент қаласында 13 мемлекеттік емхана халыққа медициналық көмек көрсетеді. Барлық емханадағы қызмет тіркеу орнынан басталады. Емханаға тіркелу және қандай қызмет түрлері бар екені, жұмысқа байланысты учаскені ауыстыруға, тегін дәрі-дәрмектер туралы және т.б. ақпараттарды комплеанс-офицердің нұсқаулығына сүйене отырып алуға болады. Әр қабатта фойелерде сенім телефондары ілулі тұр, әр дәрігердің есігінде емхана және сол дәрігердің QR-коды арқылы арыз-шағым, алғыс және т.б. өз пікірлерін қалдыруға мүмкіндік бар. Сондай-ақ ДСБ, ФСМС, Фармкомитет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитеттерінің сенім телефондары қол жетімді.

Жұмысқа орналасуға қатысты дәрігерлер мынадай түсініктеме берді: егер  вакансия болса, заң бойынша 3 жұмыс күні ішінде enbek.kz  сайтына бос орын бойынша мәлімет орналастырылады. Тек жұмыспен қамту орталығына тіркелген азаматтар ғана жолдамамен келеді.

Қаладағы №1 қалалық клиникалық аурухана 530 төсек-орынға есептелген, оның ішінде 375 хирургиялық бейіндегі төсек-орын, 125 терапевтік бейіндегі төсек-орын және 30 төсектік күндізгі стационардан тұрады. Қазіргі уақытта Клиника пациенттерді емдеу кезінде көптеген диагностикалық және тактикалық мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін заманауи медициналық құралдармен жабдықталған.

Бүгінде клиникада 1065 қызметкер жұмыс істейді. Оның ішінде дәрігерлер  249 болса, оның 9 — медицина ғылымдарының кандидаты. Ал орта медицина қызметкерлері саны – 378, яғни 68 пайыз болса, дәрігерлердің санаттылығы — 47,3 пайызды құрап отыр.

Ал Шымкент қаласының қалалық балалар клиникалық ауруханасы – 18 жасқа дейінгі балаларға шұғыл және жоспарлы медициналық көмек түрлерін көрсететін көп салалы, бірегей аурухана.

2020 жылдан бастап қаланың барлық педиатриялық қызметі орталықтандыру мақсатында қосымша профильдер ашылып, барлығы 25 клиникалық бейін бойынша медициналық көмек көрсетеді. Ауруханада құрылымында қосалқы МРТ, КТ, ангиограф, рентген, УДЗ, ЭЭГ, РЭГ, ЭКГ, холтер кабинеттері жұмыс істейді. Сонымен қатар, сәулелі және функциональдық диагностикалық бөлімшелері, физиоемдеу, стерилизация орталығы, бактериологиялық — клиникалық лабораториясы, консультативті-диагностикалық блок бар.

Бүгінде ауруханада 20 төсектік күндізгі стационары қызмет көрсетеді. Жылына 120 мыңдай науқас келіп қаралып, оның 20 000-ға жуығы емделіп, 5000-нан аса операция жасалынады.

JQ-Aqparat

Сурет: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар алаңы 

 

 

 

 

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде