Шымкент: «Бақытты жанұя» орталығы аналарға көмек көрсетті

04 маусым, 14:08

Шымкент қаласындағы «Бақытты жанұя» орталығы» нәзік жандылардың әлеуетін дамытуға бағытталған іс-шараны бастады. Бұл туралы «Бақытты жанұя» КММ баспасөз қызметі мәлім етті. Ең алдымен іс-шара аясында тегін курс оқып жүрген аналарға жеңілдетілген несие, қайтарымсыз грант, мемлекеттік бағдарламалармен жеңілдіктер туралы ақпараттық түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды.

Айта кетсек, әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасы, жалғыз басты санаттарға жататын 1406 ана (оның ішінде 2022 жылы 721 ана, 2023 жылы 605 ана, 2024 жылы 109 ана) кәсіби оқу курсын бітіріп, үй жағдайында табыс табуда. Сондай-ақ, оқу курсын бітірген аналарға орталықтың мамандары тұрақты талдау жүргізіп, кәсіптерін ұлғайту мақсатында сүйемелдеу жұмыстарын ұйымдастырды. Сонымен қатар Шымкент қаласы әділет департаменті және «Бақытты жанұя» орталығы» ұйымдастыруымен құқықтық кездесу өтті. Акцияға Шымкент қаласы әділет департаментінің бас маманы Серік Әлімқұлов, АХАЖ саласының маманы Нулифар Елтаева және «Бақытты жанұя» орталығы» КММ заңгері Жантөре Асылбеков адвокаттармен натариусқа қатысты мәселелер бойынша жауапты маман әлеуметтік осал, жалғыз басты аналар, толық емес отбасы мүшелері және түрлі бағытта өзекті мәселелері бар аналармен кездесіп өз саласы бойынша көмектерін көрсетті.

Кездесуде мамандар несие төлей алмауынан жеке шоттары бұғатталған және сотқа құжаттары өтіп кеткендер; алимент өндіру мәселесі; тұрғын үй мәселесі; соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану бойынша кеңестер берді.

Сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған аналарға күйзелістен шығу өзін ашуға бой алдырмай басқару жолдарын үйрету мақсатында «Бақытты жанұя» орталығы» КММ психологі Н.Бегалиева тренинг ұйымдастырды. Тренинг барысында, аналар өздерінің проблемаларын анықтап, талдау жасап, қалай қиындықтан шығу керектігі туралы түсіндірілді. Ал өзінің өмірінде орын алып жатқан проблемаларын анықтай алмаған азаматшалармен жеке жаттығулар жасап көмек алды. «Бақытты жанұя» орталығы» Мемлекет басшысы қол қойған «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» және «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» заңдарына енген өзгерістер мен толықтырулар талқыланды. Көпбалалы, әлеуметтік осал санаттарға жататын отбасы мүшелеріне әйелдермен балаларға қатысты кез келген сипаттағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдататын, сондай-ақ отбасы институтын, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін нығайтатын нормалармен таныстырды.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласы «Бақытты жанұя» орталығы

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде