Шымкент: «Бақытты жанұя» аналарға көмек қолын созады

22 сәуiр, 13:33

Шымкент қаласындағы «Бақытты жанұя» орталығында 2030 жылға дейінгі «Отбасылық және гендерлік саясат» тұжырымдамасы һәм «Әйелдер үшін экономикалық мүмкіндіктерді кеңейту және оларды жұмыспен қамтуға тарту жөніндегі іс-қимыл» жоспарына сәйкес, бірқатар іс-шаралар өтті. Бұл туралы Шымкент қаласы «Бақытты жанұя» орталығының баспасөз қызметі мәлімдеді. Жұмыс істейтін аналарға қолайлы жағдай жасаудың маңыздылығы туралы түсіндірме жұмыстарын заңгер Ж.Асылбеков жүргізді.

«Бақытты жанұя» орталығы» тегін курс оқып жүрген аналарға қайтарымсыз грант, жеңілдетілген несие, мемлекеттік бағдарламалармен жеңілдіктер туралы ақпараттық түсіндірме жұмыстарын ұйымдастырды.

Айталық, әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасы, жалғыз басты санатындағы 1406 ана (оның ішінде 2022 жылы 721 ана, 2023 жылы 605 ана, 2024 жылы 80 ана) кәсіби оқу курсын бітіріп, үйде отырып-ақ табыс табуға мүмкіндік алды. Сондай-ақ оқу курсын бітірген аналарға қатысты орталыққ мамандары тұрақты түрде талдау жүргізіп, кәсіптерін ұлғайту мақсатында сүйемелдеу жұмыстарын ұйымдастырып отырады.

Орталық мамандары Шымкент қаласы «Автонұр базар» аумағында көп шоғырланып жалдамалы қызмет атқарып жүрген аналардың арасында ақпарттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Әлеуметтік сала мамандары іс-шара барысында «Нұрлы жер», «Ұмай», «Қамқор», «Шаңырақ», «Бақытты Отбасы», «Жас отбасы» сияқты мемлекеттік бағдарламалар мен кәсіби білімді жетілдіруге арналған тегін оқу курстары туралы егжей-тегжейлі түсіндірді.

Сонымен бірге, «Бақытты жанұя» орталығы» КММ қызметтері туралы арнайы шығарылған ақпарттық парақшалар таратылды.
Шымкент қаласында тұратын көп балалы, жалғыз басты, әлеуметтік жағдайы төмен отбасы мүшелерінің медицинаға қатысты туындаған сұрақтары мен түйткілді мәселелері бойынша «Бақытты жанұя» орталығы» КММ бөлім басшысы Л.Әуесбек, Шымкент қаласы Еңбек және әлеуметтік қорғау департаментінің бас маманы Г. Қожабаева және №3 қалалық емхана бөлім меңгеруші Ғ.Ақбердиева қабылдау өткізді.

Іс-шараға келген аналарға бағыт-бағдар берілді. Сондай-ақ тиісті көмек көрсетілді. Қабылдауға келген қыз-келіншектерге әр түрлі мәселелер бойынша: мүгедектікке шығу бойынша кеңес алу, тегін дәрі-дәрмек алу, мүгедектік тобын ауыстыру, адамның тегін ем қабылдау үшін құжаттарын рәсімдеуге көмек көрсетіліп, айтқан ұсыныстары тыңдалды.

Әлима Әлмерек
Суреттер Шымкент қаласы «Бақытты жанұя» орталығы

Бүгін, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
Бүгін, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
Бүгін, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды