Шымкент: Avtobys жүйесі іске қосылды

11 маусым, 18:21

Ірі қалаларда қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету мәселесі қашанда өзекті. Бұл салада автобустардың жүру жиілігі, бағыттарды жоспарлау, тіпті жол ақысын төлеуге дейін ескеруге тура келеді. Шымшаһар сияқты тұрғыны көп қалада мұндай міндетті жүзеге асыру оңайға соқпайды. Дегенмен қала басшылығы осы мәселені ұдайы назарда ұстап, жолаушылар үшін барынша жағдай жасауға тырысады.

Міне, күні кеше Шымкентте қалалық көлік қызметін жақсарту мақсатында инновациялық Avtobys басқару және диспетчерлік жүйесі енгізілуде. Бұл жаңалық тұрғындарға жол ақысын ыңғайлы және жылдам төлеуге бірегей мүмкіндіктер береді және қалалық көлік қызметінің сапасын жаңа деңгейге көтереді.

Енді қала тұрғындары Avtobys мобильді қосымшасы арқылы Bluetooth, NFC, QR кодтары және контактісіз банк карталары арқылы жол ақысын оңай төлей алады. Сондай-ақ, қосымша мектеп оқушылары, студенттер, зейнеткерлер және басқа санаттар үшін көлік карталарын сатып алмай-ақ, жеңілдетілген тарифтерді пайдалануға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Avtobys мобильді қосымшасы арқылы басқа жолаушылардың әмияндарына қосымша комиссиясыз аударымдар жасауға болады, сондай-ақ ұялы байланыстан бастап білім мен ойындарға дейін көптеген қызметтерді төлеуге мүмкіндік бар.
Avtobys қосымшасы арқылы әрбір жолаушы өз автобусының бағытын қадағалап, аялдамаға келу уақытын болжай алады, бұл олардың сапарларын тиімдірек жоспарлап, уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда төрт автобус паркінің 552 қалалық автобусы Avtobys жүйесіне қосылған: «УК «Shymkent Bus» ЖШС, «Автоимпульс» ЖШС, «Санжар-Моторс» ЖШС және И.П.Абдуғаниев. Жүйе арқылы күн сайын 12 мыңнан астам адам жол ақысын төлейді. Ағымдағы жылдың қыркүйек айына дейін барлық қалалық автобустарды жаңа жүйеге қосып, қолжетімді төлем әдістерін көбейту жоспарлануда.

Бұл инновациялар барлық шымкенттік жолаушылар үшін заманауи және ыңғайлы жүйе құра отырып, қалалық көліктің жаңа мүмкіндіктерін ашады. Avtobys жүйесін енгізу – мобильділік пен қала өмірінің сапасын жақсарту жолындағы маңызды қадам.
Айта кетейік, жолаушылар жүйе енгізілген барлық қалаларда Avtobys қосымшасы арқылы жол ақысын төлей алады. Қазір ол еліміздің 16 қаласы: Астана, Атырау, Ақтөбе, Хромтау, Орал, Ақсай, Бейнеу, Жезқазған, Павлодар, Семей, Екібастұз, Ақсу, Қонаев, Ұзынағаш, Аягөз және Шымкентте енгізілген.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде