jasqazaq.kz

Шымкент: Ауыз су және электр жарығымен қамту 99 пайызға жетті

21 шiлде 2024, 10:19


Шымкент сияқты үлкен мегаполистің инфрақұрылымы үнемі жаңғыртып, жаңартуды қажет етеді. Бұл бағытта Шымшаһарда біраз ауқымды шаруа қолға алынып, тиісті дәрежеде атқарылып жатыр. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту саласында жартыжылдық қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы» баспасөз конференциясында шаһарды ауыз су және электр жарығымен қамту, сондай-ақ кәріз жүйесімен жарақтандыру мәселелері сөз болды.
Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Рзабек Меңдіқұлов бұл бағытта жұмыстардың жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын айтты.
Бүгінде 81 елді-мекеннің 80-і сапалы ауыз сумен қамтылған.
Өткен жылы 6 нысанның (Құрсай 1,2-кезек, Қайнарбұлақ, Сайрам 1,2 және 3-кезек, Еңбекші ауданы жаңа құрылыс) құрылыс жұмыстарына 9,5 млрд теңге бөлініп, жыл қорытындысымен Қайнарбұлақ тұрғын алабы және Еңбекші ауданы бойынша 7 елді мекеннің жаңа құрылыс аумақтарында ауыз су жүйесінің құрылысы аяқталған. Соның нәтижесінде 37 мыңға жуық адам ауыз су жүйесіне қосылуға мүмкіндік алды. Осыған орай, елді мекендерді ауыз сумен қамту деңгейі 98,5%-дан 99%-ға өсті.
Биыл Құрсай, Қайтпас-1, және Бозарық тұрғын алабының жаңа құрылыс аумақтарын ауыз сумен толық қамту жоспарлануда. Осыған орай, елді мекендерді ауыз сумен қамту деңгейі 100% құрайды.
Рзабек Меңдіқұловтың айтуынша, бүгінде 81 шағын ауданның 25-і (713,5 мың адам) кәріз жүйесімен қамтамасыз етілсе, 56 шағын аудан қамтылмаған. Өткен жылы 9 нысанның құрылыс жұмыстарына 8,6 млрд теңге бөлініп, оның ішінде 2 магистралды кәріз коллекторының (Тұраннан КОС-қа дейінгі магистрал, Шымсити коллектор), 7 ішкі орамдық жүйенің (Мирас- Шапағат-2, Тассай, Тұран ішкі жүйе, Қайтпас-2, Нұртас, 112 орам, Бозарық 74 гектар) құрылыс жұмыстары жүргізілді.
Жыл қорытындысымен 4 нысанның (Тассай, Қайтпас-2, 112 орам, Бозарық 74 га) құрылыс жұмыстары аяқталып, көпқабаттағы тұрғын үйлермен қоса 60 мыңға жуық адам кәріз жүйесіне қосылуға мүмкіндік алды. Сөйтіп қамту көрсеткіші 60%-дан 65%-ға өсті.
Сонымен қатар, 2024 жылы 2 магистральды кәріз коллекторының (Тұраннан КОС-қа дейінгі магистраль, Шымсити коллектор) және 6 ішкі орамдық жүйенің (Мирас-Шапағат-2, Нұртас, Тұран, Айқап, Қайтпас-1, Солтүстік-Батыс) құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттен 12,8 млрд.теңге жоспарланған.
Қалада 81 елді-мекен толық сапалы электр қуатымен қамтылған.
2023 жылы 6 нысанның (Қайнарбұлақ, Батыс, Нұрсәт, Түркістан, Асар-2, «Ақжар» 110/35/10кВ) құрылыс жұмыстарына 1,6 млрд.теңге бөлініп, жыл қорытындысымен 4 нысанның (Қайнарбұлақ, Батыс, Нұрсәт, Түркістан) құрылыс жұмыстары аяқталған. Соның арқасында 22 мыңға жуық адам сапалы электр жүйесіне қосылуға мүмкіндік алып, қамту деңгейі 98%-дан 99%-ға өсті.
Сонымен қатар биыл 4 елді мекеннің (Сайрам, Бозарық, Асар-2, Құрсай) жаңа құрылыс аумақтарын сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету жұмыстарын 2024-2025 жылдары атқару жоспарлануда.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бүгін, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды