Шымкент: Ауыл шаруашылығында ауқымды жобалар іске асырылады

24 сәуiр, 17:23

Шымкент қаласында биыл ауыл шаруашылығы саласының дамуын қамтамасыз ететін бірқатар жобалар іске асырылады. 2024 жылға арналған жоспар бойынша, мегаполис аумағында мал бордақылау алаңдары, жылыжайлар, сүт-тауарлы фермалары, құс фабрикалары, сондай-ақ, аграрлық саланың бірқатар нысандары салынады.Жүзеге асатын жаңа жобалардың құны 16 млрд теңгеден асады. Бұл туралы Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі басшысының міндетін атқарушы Талғат Мекамбаев хабарлады.
Т. Мекамбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте 2023 жылы атқарылған жұмыстар мен 2024 жылға арналған жоспарлар туралы баяндады.
Брифингте ағымдағы жылы 8,5 мың тоннадан астам ет, 52,5 мың тонна сүт және 160 миллионнан астам жұмыртқа өндіру жоспарланып отырғаны айтылды. Бұл ретте жұмыртқаны көптеп өндіруге шаһарда құс шаруашылығы саласында жаңа жобалардың іске асырылуы ықпал етіп отыр. Айта кеткен жөн, мегаполисте тауық етін өндіретін жалғыз «Шымкент құс» кәсіпорны бар. Қала әкімдігі құс еті мен жұмыртқа өндіретін жаңа екі кәсіпорын салуды көздейтін жобаны іске асырып жатыр. Енді «Аймар құс» және «Шахар Агро» кәсіпорындары тұрығындардың осы өнімдерге деген сұранысын қанағаттандыратын болады.
Шымқалада ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көрсеткіштері жылдан жылға өсіп келеді. Талғат Мекамбаевтың айтуынша, 2022 жылмен салыстырғанда былтыр ет өндіру көлемі 16 пайызға, сүт 10 пайызға, жұмыртқа пайызға өсіпті. Өткен жылы Шымқалада 30 мың тоннадан астам көкөніс өсірілді. Бұл рекордтық көрсеткіш болып табылады. Мұнда жыл сайын 139 гектар аумақта 15 мың тоннаға жуық өнім жинайтын жылыжай кешендерінің үлесі қомақты екенін айтқан жөн.
Жылыжай шаруашылығын дамыту мақсатымен шетелдік инвесторларды тарту ісі де жолға қойылған. Мәселен, түркиялық «Alarko Holding A.S.» компаниясымен бірлесе 100 гектар аумақта жылыжай салу жоспарланып отыр. Жоба іске асқан соң шаһардағы жылыжай кешендерінің жалпы аумағы 239 гектарға ұлғайып, жиналатын өнім көлемі 30 мың тоннадан асатын болады. Т. Мекамбаев жылыжай шаруашылықтарына мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетінін атап өтті. Атап айтқанда, жылыжайдағы құрылыс жұмыстарының 30 пайызы, коммуналдық төлем шығындары бойынша 1 гектарға гектарына 4 — 8 миллион теңге аралығында мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі.
Биыл Шымкент қаласында 26,5 мың гектар алқапта егін егіліп, суармалы жерлерді тиімді пайдалану арқылы 86 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімін жинау жоспарланып отыр.

JQ-Aqparat

Сурет:  Shymkala.kz

Бүгін, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
Бүгін, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
Бүгін, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды