Шымкент: Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінде өсім бар

04 шiлде, 15:34

Елімізде 2025 жылға дейін жүзеге асатын «Аймақтық даму» ұлттық жобасында ауыл шаруашылығын дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу міндеті қарастырылған. Шымкенттің ауыл шаруашылығы саласында бұл міндеттер ойдағыдай жүзеге асырылып отыр. Мәселен, биылғы жылға бекітілген 12 индикатор толығымен орындалып жатыр. Ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тарту бойынша биыл 14 жоба жүзеге асырылды. Таратып айтсақ, 3 көкөніс сақтау қоймасы, 3 тауарлы-сүт фермасы, 2 сүтті қайта өңдеу кәсіпорны, 2 құс шаруашылығы, 1 жылыжай кешені, 1 мал бордақылау, 1 көкөніс өңдеу, 1 құрама жем зауыты іске қосылды. 104 жаңа жұмыс орны ашылады. Осы және өзге де көрсеткіштер туралы Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы Талғат Мекамбаев жарты жылды қорытындылауға арналған брифингте айтып өтті.

Оның айтуынша, бүгінде Шымкент қаласында жалпы егіс көлемінің 26,5 мың гектарына дақылдар егіліп, 86,0 мың тонна өнім жиналады.

Атап айтқанда, 10,9 мың гектарға дәнді дақылдар, 9 мың гектарға мал азығы дақылдары, 3,1 мың гектарға көкөніс пен бақша, 3 мың гектарға майлы дақылдар және 0,5 мың гектарға картоп егілді.

Биыл өнімділікті арттыру мақсатында егін шауашылығы саласын мемлекеттік қолдауға жергілікті бюджеттен 143,2 млн теңге қаржы қарастырылды.

Көктемгі егіс жұмыстарына 35,9 тонна жанар-жағармай бөлініп, толығымен үйлестірілді.
Өткен жылмен салыстырғанда мал және құс шаруашылығы бойынша өсім байқалады.

Айталық, ірі қара мал 88,3 мың басқа, қой-ешкі 102,4 мың басқа, жылқы 17 мың басқа, құс 1 189,2 мың басқа жетіп, нәтижесінде ет 4,5 мың тоннаға жетіп, сүт 30,4 мың тоннаға, 86,3 млн данаға жұмыртқаға жетті.

Қалада 70-ке жуық сауда орындарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік (ӘМАТ) нарықтан төмен бағамен сатылуда.
Ұн, жұмыртқа, нан, күнбағыс майы және ет (сиыр еті, тауық еті) өнімдерін өндіруші кәсіпорындармен келісім-шарттар түзіліп, бекітілген сауда орындарында тауарлар өндіруші бағасымен сатылуда.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында айналым тетігі шеңберінде қарыз қаражат беру және форвардтық шарттар түзу іске асырылып жатыр.

Тұрақты түрде азық-түлік жәрмеңкелерін өткізу, делдалдық қызметті шектеу шаралары жүргізілуде.

Қала әкімдігінің қаулысына сәйкес, апта сайын қаланың 8 жерінде азық-түлік жәрмеңкелері ұйымдастырылып, күнделікті тұтынатын тауарлар нарықтан 10-15 пайызға төмен бағамен сатылады. Жәрмеңкеге 250-ге жуық тауар өндіруші, шаруа қожалықтары, көтерме сауда қызметімен айналысатын дистрибьюторлар қатысып, аптасына жалпы 170 – 180 тоннаға жуық әлеуметтік маңызы бар және күнделікті тұтынатын азық-түлік тауарлары нарықтан 10-15 пайызға төмен бағамен сатылуда.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

30 тамыз, 23:58
Түркістан: Полиция департаментінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жедел кеңес өтті
30 тамыз, 23:55
Түркістан полициясы Конституция күнін атап өтті
30 тамыз, 23:53
Түркістан облысында Конституциямен құрдас 140-тан астам полицей қызмет етеді
30 тамыз, 23:51
Түркістан полициясы Конституция күніне орай бірқатар іс-шара өткізді
30 тамыз, 1:50
Түркістан: Есірткіге қарсы ымырасыз күрес
28 тамыз, 19:46
Түркістан: Мереке қарсаңында 180-нен астам полиция қызметкері марапатталды
28 тамыз, 14:57
Түркістан: Арыс ауданында профилактикалық іс-шаралар өтуде
27 тамыз, 15:06
Бекзат Бекжанұлы: Қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндетіміз
26 тамыз, 15:52
Түркістан: Мопед тізгіндеушілер, мал ұрлығы және жоғалған бала