jasqazaq.kz

Шымкент: Әсем гүлзар мен мәдениет ордасы пайдалануға берілді

19 маусым 2024, 14:39

Еліміздің үшінші мегаполисі – Шымкент қаласы жылдан жылға көркейіп, тұрғындар үшін жайлы, туристер үшін тартымды бола түсуде. Шымшаһар, әсіресе, көздің жауын алып құлпыратын гүлдерімен ерекше көркем. Шаһарда желегі жайқалған бақ та, гүлзар да көп. Бірақ әдемілік ешқашан көптік етпейді. Сондықтан қала күніне орайластырылып, тағы бір гүлзардың ашылуы тұрғындарға қуаныш сыйлады.

Енді Жібек жолы — Сайрам көшелері қиылысында тағы бір жаңа гүлзар ашылып, пайдалануға берілді. 10 000 шаршы метр аумақта тұрғындардың демалысы үшін барлық қолайлы жағдай жасалған. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жаңа гүлзардың ашылуына қатысып, тұрғындармен кездесті.

Айта кеткен жөн, бұл жоба бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге асырылды. Осы орайда шаһар басшысы: «Демеушілер мен мердігер компания өкілдеріне атқарылған жұмыстар үшін алғысымды білдіремін. Біздің мақсатымыз – қаланы халыққа өмір сүруге барынша қолайлы ету. Біз саябақтар мен алаңдарды абаттандыру мен көгалдандыруды бірегей стильде жасауға тырысамыз. Алдағы уақытта халық көп шоғырланатын орындарды көгалдандыруды жалғастырамыз», – деді.

Әсем гүлзарға айналғанға дейін бұл аумақта сауда нысандары заңсыз орнатылып, жұмыс істеп тұрған еді. Шымкент әкімдігінің бастамасымен жұрт тынығатын серуен орнына айналды. Бұл араға шағын архитектуралық пішіндер, табиғи тастан жасалған орындықтар, жарықтандыру шамдары орнатылды. Сондай-ақ көгал төселіп, 200-ден астам ағаш отырғызылыпты. Жалпы жасыл аумақтың көлемі әжептәуір — шамамен 7500 шаршы метрді құрайды. Оған қоса, балаларға арналған екі ойын алаңы бар.

Қала күні қарсаңында тағы бір жаңалық — мәдениет ордасы «Tulip Hall» конгресс-хол ғимаратын халық игілігіне беру жоспарланды.
Жалпы ауданы 5,24 гектар аумақты алып жатқан нысанның жобасы 2021 жылы бекітіліп, құрылыс жұмысы 2023 жылы басталған болатын. Бұл ғимараттың ауданы – 17 964 текше метрді құрайды. Үш қабатты ғимараттағы концерт залына екі мыңнан астам, нақты айтқанда, 2066 адам еркін сыйып кетеді. Сонымен қатар, 190 орындық конференция залы бар. Мердігер «BI Global» ЖШС құрылыс жұмыстарын толық аяқтап, қала күніне орай пайдалануға тапсыратынын мәлімдеді.

Қала күніне орайластырылған «Tulip Hall» ғимаратының ашылу салтанатында «Шымкент: Кеше. Бүгін. Ертең» тақырыбында көрме ұйымдастырылып, кештің соңы салтанатты жиынға ұласпақ.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды