jasqazaq.kz

Шымкент: Аппарат мәжілісінде шаһарды дамытудағы өзекті мәселелер талқыланды

04 шiлде 2024, 15:00

Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде базарларды жаңғырту, энергиямен үздіксіз жабдықтау шаралары сондай-ақ бюджет және жеке инвесторлар есебінен салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысы талқыланды. Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Б.Әзімбердиев қала аумағындағы модернизациядан өтетін базарлар бойынша өзекті мәселелерге тоқталды. Қала басшысы құрылыс заттары сатылатын базарларды сыртқа көшіру жұмыстарын күшейтуде де нақты тапсырмалар беріп, түсіндірме жұмыстарын жандандыруды ескертті.

Құрылыс басқармасының басшысы О.Тәжібаев биыл 207,6 мың шаршы метр құрайтын 2670 пәтерлі 66 тұрғын үйді (кредиттік-62, арендалық-4) пайдалануға тапсыру жоспарланғанын жеткізді. Бұл ретте қала әкімі ең бастысы, нысандардың сапасын қадағалап, баспаналардың жайлылығына назар аударуды ескертті. Пәтер кезегінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін тиісті басқарма басшыларына баспанаға мұқтаж тұрғындардың мәліметін газет бетінде жариялауды ұйымдастыру тапсырылды.

Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Р. Мендіқұлов энергиямен үздіксіз қамтамасыз етуде қабылданып жатқан шараларды баяндады. Басқарма басшысына абонеттерді жарықпен үздіксіз қамтуда тиісті мекемелермен тығыз жұмыс жүргізу тапсырылды.

Қала басшысы аудан, сала басшыларына көпқабатты үйлер ауласында тұрмыстық қалдықтарды жинастыруды жүйелі атқарып, жасыл желектерді суаруды кестеге сай жүргізу, құрылыс мәдениетін сақтауда мердігерлермен жұмыс істеу тапсырылды.

Бұған дейін қаланы мегаполис басшысының тапсырмасыменн қараусыз қалған балалар теміржолы аумағы жан-жақты зерделеніп, жаңа серуендеу аймағының тұжырымдамасы дайындалған болатын. Жоба бойынша халыққа қолайлы, серуенге ыңғайлы, қауіпсіз аймақ жасау қарастырылған болатын. Сонымен қатар, спорттық алаңшаларға да орын қарастырылды.

Орталық стадионнан Дендросаябаққа дейінгі шамамен алты шақырымды құрайтын жолда жүгіру және велосипед жолдары, воркаут-алаңдары бар. Осы алты шақырымдық жол түгел асфальтталған. Алдағы уақытта азаматтардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету үшін мұнда бейнекамералар орнатылады. Турполиция тәулік бойы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Нысанның тарихи келбеті сақталуы үшін станцияларға жаңартылған вагондар қойылады. Жол бойынан халықтың игілігі үшін кофе ішетін орындар ашылады.

Бұл нысан демеушілер есебінен даңғыртылып жатыр. Бұған дейін үш нысан демеушілердің көмегімен халық игілігіне берілген болатын.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?