Шымкент: Аппарат мәжілісінде өзекті мәселелер қаралды

10 маусым, 14:22

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте жұмыс орындарын құру, бюджеттің атқарылуы, көктемгі егіс жұмыстарының қорытындылары талқыланды. Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының міндетін атқарушы К.Тұрлыбеков Тұжырымдамалар мен даму жоспары шеңберінде жұмыссыздықты төмендету мақсатында биылғы жылға азаматтарды жұмыспен қамту шаралары бойынша баяндама жасады.

Биыл 56,9 мың адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған. Меже әзірге 32,4 пайызға орындалып отыр. Ғабит Сыздықбеков бұл бағытта ауыл шаруашылығы және ветеринария, білім, кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму, құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармаларының басшыларына азаматтарды жұмысқа орналасуына ықпал ету бойынша нақты тапсырмалар берді.

Аппарат мәжілісінде Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы Т. Мекембаев көктемгі егіс жұмыстарын баяндады. Бүгінде жалпы егіс көлемінің 26,5 мың гектарына дақылдар егілді, алқаптан 86,0 мың тонна өнім жиналады деп күтілуде. Көктемгі егіске бөлінген 35,9 тонна жеңілдетілген жанар-жағармай тауар өндірушілеріне үлестірілуде. Жоспарға сай, 1 200 гектарға жуық аумақта химиялық залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі. Қала әкімі залалсыздандыру шараларын саябақтар мен гүлзардарда да жүргізуді тапсырды. Сонымен қатар қаңғыбас иттер мен мысықтардың баспанасын қолданысқа беру процесін тездетіп, өзекті мәселені шешу бойынша тапсырма берді.

Қала басшысы жауаптыларға халық қауіпсіздігі үшін қала аумағындағы көпірлердің жағдайын қатаң қадағалауды, апаттық жағдайдағы тұрғын үйлерді жою мақсатында қолға алынған «Реновация» бағдарламасын жүзеге асыруды, Көксай елді мекеніндегі ретсіздіктерді қалпына келтіру бойынша ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.

Сондай-ақ қала әкімі кезекті қаланы аралау барысында сала мамандарымен бірге Қаратау ауданындағы Таңбалытас көшесінің жөндеу жұмыстарымен танысты. Жауапты мердігер ұйым тарапынан асфальт төсеу жұмыстары аяқталып келеді. Жақын күндері көлік қозғалысына ашылатын да болады.

Одан әрі «Металлург» спорт кешенінің, «Дархан» сауда нүктесінің және «Ontustik» телеарнасы ғимараттарының жағдайымен де танысып, жауапты мамандарға бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Әкім аралау жұмысы барысында Қазыбек би көшесінің, Шәмші Қалдаяқов атындағы гүлзардың санитарлық жағдайын, «Көлді» және Жібек жолы — Сайрам көшелерінің қиылысындағы жаңа серуендеу аймағын абаттандыру жұмыстарын да бағамдады.

JQ-Aqparat

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде