Шымкент: «Ана тілі және отбасы — 2024» мәресіне жетті

18 мамыр, 23:14

Шымкент қаласы Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының Тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы мен қалалық Білім басқармасының Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Ана тілі және отбасы – 2024» қалалық білім беру мекемелері арасында байқау өтті.

Негізі бұл байқау Шымшаһарда алғаш рет ұйымдастырылып отырған жоқ. Дәстүрлі шара биыл 6-шы рет өткізілді. Білім беру мекемелерінің, яғни мемлекеттік тілді жетік меңгерген барлық жастағы этнос өкілдерінен құралған топтар қатысатын шара, алдымен мектепішілік, содан кейін қалалық деңгейде болған. 22-30 сәуір аралығында мектептерге барып, өнерлерін тамашалаған қазылар алқасы үздік деп таныған 11 мектептің өнерпаздарына финалдық кезеңге жолдама берген.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, оқушылардың өнерін бағалау кезінде ата-аналардың белсенділігі мен басқа этнос балаларының қатысуы айрықша ескеріліпті. Байқауға бірі ата-әжесімен қатысса, енді бірі әке-анасымен, тағы бірі аға-әпкесінің қолдауымен сынға түсті. Байқау ережесіне бойынша қатысушылар бес кезең бойынша бақ сынады. Әрбір мекеме «Ерте, ерте, ертеде…» деп қазақ халқының ертегілерін айтып,  әрмен қарай өз туындыларын сахналады. «Тыйым сөздер – тәрбие көзі» тақырыбында қазақ халқының ырымдары мен тыйым сөздерін айтты. Ал «Салт-дәстүр – асыл қазына» шартында қазақтың ұлттық салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрпы туралы тың ақпараттармен бөлісті. «Мақал-мәтелдер даналыққа бастайды» шартында мақал-мәтелдер, нақыл сөздерден, «Өнерліге өріс кең» кезеңінде қазақтың ұлттық өнері, яғни ән айтып,  би билеуден және өлең оқудан бақ сынады. Сахнада нағыз әріптерге жоғары деңгейде көрініс қойған оқушылар мен ата-аналар көпшіліктің ықыласына бөленді. Ұйымдастырушылардың басты мақсаты да осы болған.

«Байқауда ана тіліміздің, ұлттық құндылықтарымыздың дәріптелуіне назар қойдық. Қазақша сайрап тұрған балалар ана тіліне деген құрмет өздерінен басталатынын дәлелдей түсті. Әрбір кезең бойынша ерекше дайындықпен келген қатысушылардың өнеріне тәнті болдық. Олардың киім үлгісі, сахнада өздерін ұстауы, белсенділігі жоғары деңгейде. Биылғы байқауға бір мектептен 100-ден аса оқушы қатысып, жалпы 800-ден аса бала қамтылды»,- дейді Тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының директоры Гүлмира Жанысбекова.

Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені №71 жалпы орта білім беретін мектебінің қатысушылары қанжығалады. Ал үздік үштікке №83 жалпы орта білім беретін мектебі, Д. Нұрпейісова атындағы №116 жалпы орта білім беретін мектебі, Алпамыс батыр атындағы №40 мектеп-гимназиясы, Ө.А.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейі ие болды.

Жүлделі орын алған қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде