Шымкент: Ана мен бала денсаулығы – басты назарда

23 сәуiр, 15:06

Біздің елімізде ана мен баланың денсаулығы мемлекет қамқорлығына алынған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы орайда: «Ана мен бала денсаулығын қорғау – негізгі басымдықтың бірі» деп, оларға медициналық көмектің барлық түрін көрсету жөнінде нықтап тапсырған еді. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Шымкент қаласында ана мен баланың денсаулығын жақсарту — денсаулық сақтау саласындағы басым бағыттардың бірі болып табылады. Әсіресе, шақалақтар жарық дүние есігін ашатын перзентханалардың жан-жақты жабдықталған, заманауи стандартқа сай болуы маңызды.
Шымкент әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек айтқандай, қалада 15 минут сайын бір сәби дүниеге келеді. Соңғы жарияланған мәлімет бойынша, Шымшаһарда жыл басынан бері 4 911 сәби дүниеге келген. Оның 2 493-і – ұл, 2 418-і қыз. Қалада 4 перзентхана жұмыс істейді. Бұл перзентханаларда жас босанған аналар өздерін қолайлы сезінуі үшін барлық жағдай жасалған. Тәжірибесі мол, білікті мамандар жұмыс істейді. Медицинадағы соңғы жаңалықтардан құр қалмайтыны және бар.
Мәселен, жуырда Шымкент қалалық Перинаталдық орталықта неонаталды хирургия ашылды. Соның арқасында емдеу орталығының дәрігерлері тумасынан ауыр дертке шалдыққан науқастарға перзентхана ішінде шұғыл хирургиялық көмек көрсете алады. Осы неонаталды хирургия ашылғаннан бері орталық дәрігерлері жеті сәбиге ота жасап, ажалдан арашалап қалды.
Перинаталдық орталық ішінде сәбилерге күрделі операция жасау үшін қажетті заманауи техникалар мен құрал-жабдықтар сатып алынды. Сондай-ақ неонаталдық хирург, анестезиолог-реаниматолог, неонатолог-реаниматолог мамандарымен толықты.
Жалпы бұл Перинаталдық орталық жүкті әйелдер мен нәрестелерге жоғары деңгейдегі арнайы медициналық көмек көрсететін қаладағы жетекші медициналық ұйым болып саналады.
Тағы бір тоқталатын мәселе, елімізде нәресте сүйгісі келетін жандарға арнап «Аңсаған сәби» бағдарламасы іске қосылған. Шымкентте биылғы жылы «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша 441 квота бөлінді. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков бұл туралы былай дейді: «Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында 2021 жылдан бастап экстракорпоралдық ұрықтандыруға бойынша жыл сайын квота бөлінуде. «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша 2021 жылдан бері 330 сәби дүниеге келді. Ал 2023 жылы — 429 квота бөлінді (оның ішінде жүкті әйелдер саны — 155, 22 бала дүниеге келді, бағдарламада – 20). Қалада 4 репродукция орталығы жұмыс істейді. Олар: «Экомед-Шымкент» ЖШС, 2 филиал «Эко-Шымкент орталығы» ЖШС, «Доктор Тарарак орталығы Шымкент» ЖШС, «Шымкент репродуктивті медицина институты» ЖШС».

Айдос Құсайынұлы

Бүгін, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
Бүгін, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
Бүгін, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды