jasqazaq.kz

Шымкент: Алимент төлемеудің себептері айтылды

07 тамыз 2024, 11:28

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Шымкент қаласы прокуратурасының әкімшілік және атқарушылық өндірісті қадағалау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Бауыржан Мырзалиев шаһардағы өзекті мәселе алимент өндіру жайлы баяндады.

Ол: «Қаламызда алимент төлеуден жалтарып жүрген борышкерлер саны азаймауда, бүгінгі күнде осындай әкелердің саны 2913-ке жетіп олардың алимент берешегі 3 млрд 807 млн теңгегі құраған. Осы төлемдердің ұзақ мерзімде өндірілмеудің негізгі себептерінің бірі — борышкердің тұрақты ресми табыс көздерінің болмауынан және тұрғылықты мекенжайының анықталмауы, яғни, борышкерлердің іздеуде болуы»,-деді.

Сот орындаушылардың қаулыларына сәйкес 624 алимент борышкерлеріне қатысты іздеу жарияланып, істер уақытша тоқтылған.
Прокуратура тарапынан іздеу жариялануына байланысты уақытша тоқтатылған атқарушылық өндірістер бойынша полиция органдары қандай шаралар қабылдағаны зерделенуде.

Одан бөлек, сот орындаушыларының ұсыныстары негізінде 147 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде сот қаулысымен 92 борышкерге 5 тәулікке дейін қамаққа алу, 55 борышкерге — 5 АЕК мөлшерінде (17 250 теңге) айыппұл салынған.
Сот орындаушылары мен жұмыспен қамту орталығының бірлескен шаралары нәтижесінде 241 алимент төлеуші жұмысқа орналастырылып, алиментті жалақаларынан өндіруге мүмкіндік пайда болған.

Өкінішке орай, кейбір азаматтар ұсынылған жұмысқа тұрмай, алиментті төлеуден жалтаруды жалғастырған фактілері де орын алған.
Бұл ретте қала прокуратурасының үйлестіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде Шымкент қаласының Полиция департаменті, Әділет департаменті және Жеке сот орындаушылар палатасы арасында борышкерлерді қылмыстық жауаптылыққа тарту меморандумы бекітілген.
Нәтижесінде жыл басынан жалпы 15 қылмыстық іс тіркелді. Оның ішінде 11 борышкерге қатысты сот үкімдері шығып бас бостандығын 1 жылға дейін шектеу түріндегі жазаға тартылған. 2 іс қылмыс құрамының болмауына байланысты өндірістен тоқтатылса 2 іс бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Шымкент қаласы бойынша жеке сот орындаушылардың өндірісінде 16 091 іс орындауда болып, 2224 атқарушылық өндірісі аяқталған, қалдықта 13 867 құжат қалуда.

Орындау барысындағы істердің ішінен 35%, яғни, 4927 құжат бойынша алимент борышкерлердің айлық жалақысынан ұсталып жатыр.
Алимент өндіру әлеуметтік маңыздылығы жоғары атқарушылық өндірістер санатына жатады.

Атап айтқанда 2023 жылы тек алимент өндірумен айналысатын арнайы кеңсе ашылған. Бүгінгі күні онда 5 жеке сот орындаушы және олардың 6 көмекшісі қызмет атқаруда. Сондай ақ Шымкент қаласының Әділет департаменті мен Шымкент қаласының Жеке сот орындаушылар өңірлік палатасы тарапынан аталған кеңседегі жеке сот орындаушылардың санын көбейтуге бағытталған шаралар қабылдануда.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды
17 желтоқсан 2025, 14:07
Алматы жастары экомәдениетті қалыптастыруда көш бастап тұр