Шымкент: Алимент төлемей жүрген 241 азамат жұмысқа орналастырылды

19 шiлде, 12:42


«Алимент – бір адамның оны алуға құқығы бар басқа адамға беруге міндетті ақшалай немесе материалдық қаражат. Жыл басынан алимент өндіру талаптары бойынша сот орындаушыларда 15 921 іс орындауда болып, 1 494-сі бойынша өндіріс аяқталған, қалған 13 777 құжат бойынша жұмыс жүріп жатыр». Шымкент қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары Мейіржан Исабеков «2024 жылдың І жартыжылдығындағы Шымкенттегі сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау жөніндегі жұмыстың қорытындылары» тақырыбында өткен брифингте осылай деді.
Осы санаттағы істермен айналысатын 5 жеке сот орындаушыдан құралған арнайы кеңсе ашылған. Алименттік өндірістердің көбісі қазіргі таңда осы кеңседе жүргізілуде.
Орындау барысындағы істердің ішінен 50 пайызы, яғни 5 124 құжат бойынша алимент борышкерлердің айлық жалақысынан ұсталып жатыр.
Сонымен қатар, үш айдан асатын мерзім ішінде «проблемалық» 710 алименттік өндіріс бар. Олар бойынша жалпы қарыз — 1 млрд теңге. Осы төлемдердің ұзақ мерзімде өндірілмеудің негізгі себеп — борышкердің тұрғылықты мекенжайының анықталмауы, яғни борышкерлердің іздеуде болуы.
Әлеуметтік маңызы бар істердің санатына, осы таңдағы өзекті мәселелердің бірі — алимент өндіру туралы атқарушылық құжаттар жатады.


Сот алимент өндіру туралы шешім шығарғанмен, оны орындайтындар аз. Сот орындаушылардың қаулыларына сәйкес 624 алимент борышкерлеріне қатысты іздеу жарияланып, істер уақытша тоқтатылған.
Сонымен қатар, жалпы сот орындаушыларының істері бойынша 159 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылса, оның ішінде алимент төлеу міндеттерін 82 азамат орындамаған. Алимент бойынша 32 борышкер қатысты 5 тәулікке дейін қамаққа алынып, 50-не — 5 АЕК мөлшерінде (17 250 теңге) айыппұл салынды.
Сот орындаушылары мен жұмыспен қамту орталығының бірлескен шаралары нәтижесінде 241 алимент төлеуші жұмысқа орналастырылып, алиментті жалақыдан өндіруге мүмкіндік пайда болған.
Өкінішке орай, кейбір азаматтар ұсынылған жұмысқа тұрмай, алиментті төлеуден жалтаруын қоймайды. Соған орай сот орындаушылары өндіріп алушылардың өтініштерімен полиция органдарына жолдаған материалдары бойынша жалпы 18 қылмыстық іс сотқа өтіп, 11-не қатысты айыптау үкімдері шыққан.
«Алимент бойынша әрекетсіздік танытып, заңнамамен белгіленген мәжбүрлеп өндіру амалдарын уақытылы қолданбайтын сот орындаушыларына қатысты да жауапкершілік күшейтілгендігін ескеру қажет. Атап айтқанда, егер жеке сот орындаушысы бір ай ішінде заңда белгіленген тәртіппен істердің әлеуметтік маңызы бар санаты (оның ішінде алимент өндіру санаты) бойынша мәжбүрлеп орындату шараларын қабылдамаған жағдайда әділет органдарының талап арызы негізінде лицензиясынан айырылуға жатады», — дейді Шымкент қаласы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы басшысының орынбасары Ажар Сартбаева.
Осы негіздермен сотқа енгізілген талап қою арыз бойынша осы жылы 3 жеке сот орындаушысы лицензиясынан айрылған.
Департаментте биыл сот орындаушыларға қатысты жеке және заңды тұлғалардан түскен 524 жолданымы, сондай-ақ 998 сұраныс, басқа да түрдегі құжаттар қаралған.
Түскен жолданымдардың сипаты: 112 (21,3%) – алимент өндіру мәселелері, 341 (65 %) – ақша қаражаттарды мәжбүрлеп өндіру туралы, 71 (13,5 %) – тыйымдарды және мәжбүрлеп өндіру шараларының күшін жою.

Анықталған заң бұзушылықтар бойынша 139 ЖСО қатысты жоспарданы тыс бақылау тағайындалып, Өңірлік палатаға 60 ұсыныс енгізіліп тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде