jasqazaq.kz

Шымкент: Әл Фараби ауданында 70 көп қабатты тұрғын үй абаттандырылады

24 мамыр 2024, 14:49

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданының аумағы 19 880 гектар жерді алып жатыр. Бүгінгі күні мұндағы тұрғындар саны екі жүз мыңнан асады, нақты айтсақ — 234 857. Ірі мегаполистің ауқымды бөлігі саналатын аудан қалай дамып жатыр? Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте Әл Фараби ауданының әкімі Рашит Мыңбаев биылғы жылдың 1 тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне тоқталды.

Әкімнің айтуынша, «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында тұрғындардан түскен ұсыныстар бойынша биыл 70 көпқабатты тұрғын үйлердің ауласында абаттандыру және балаларға арналған ойын және шағын спорт алаңдарын орнату жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттен 1 млрд 717 971 510 теңге қаржы бөлінеді. Оларды орнату жұмыстары үстіміздегі жылдың соңында 78,3 пайызға, 2025-2026 жылдары 100 пайыз аяқталады.
Рашит Мыңбаев келтірген мәліметке сәйкес, бүгінде аудан аумағында 926 көп қабатты тұрғын үй 623 аулаға біріктірілген. Сонымен қатар, 16 633 жеке үй, 6 саябақ, 16 гүлзар, 20 ескерткіш және 12 субұрқақ бар. Аудан қаланың орталығында орналасқан. Сондықтан инфрақұрылым жүйесіне кіретін ауыз су, табиғи газ және электр жарығымен 100 пайыз қамтылған.


Аудан тұрғындарының көшелер мен жолдардағы қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында биыл 118 көшені жарықтандыру жоспарланыпты. Сәйкесінше, биылғы жылдың қорытындысымен жарықтандырылатын көше саны 242-ні құрап, әлеуметтік маңызы бар нысандар толық қамтылады.
Көп қабатты тұрғын үйлер аулалары мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бейберекет қоқыс тастау мәселесін алдын алу мақсатында цифрландыру басқармасы тарапынан 114 бейнекамера орнату жоспарланған. Бұл бейнекамералар полиция департаментінің жедел басқару орталығына жалғанады.
Әл-Фараби ауданында ұзындығы 260 шақырымды құрайтын 390 көше, даңғыл және өткелдер бар. Жолдардың 316 көшесіне асфальт, 74 көшеге тас төселген. Сондықтан биыл долдарды асфальттау деңгейін 94 пайызға жеткізу көзделген.
Аудан тұрғындарына қолайлы орта қалыптастыру, сапалы жол салу және аудандық маңызы бар ішкі орамдық көшелерді де қамту мақсатында жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан 2024 жылы 38 көшеге асфальт жол салу жоспарлануда.


«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында: 2024 жылы қаланың көркін аша түсіп, жаңаша келбет қалыптастыру мақсатында тұрғын үй басқармасы тарапынан 31 көп қабатты үйлердің қасбеттерін реттеу және әрлеу жұмыстары, ал 22 көп қабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ коммуналдық инфрақұрылымды жақсарту жоспарда бар.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?