Шымкент: Әкім білім беру нысандарын аралады

21 шiлде, 10:25

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Шымкент қалaсында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы ойдағыдай жүзеге асырылып жатыр. Қалада қазір 18 жайлы мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 12 мектептің құрылысы биыл бітеді деп күтілуде. Күні кеше тоғыз мектептің алдағы қыркүйек айында пайдалануға берілетіні хабарланды. Ал үш мектеп жыл соңына дейін тапсырылуы тиіс. 12 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілгеннен кейін бас-аяғы 17 300 оқушы оқитын болады. Бұл өз кезегінде мегаполистегі мектеп тапшылығын азайтуға септігін тигізеді.
Айта кеткен жөн, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының іске асырылу барысы қала әкімінің тікелей қадағалауында. Осы аптада Ғабит Сыздықбеков кезекті аралау барысында шаһардағы білім беру нысандарын, соның ішінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан мектептердің құрылысын барып көрді.
Бұған дейін жазғанымыздай, жаңадан салынып жатқан мектептер қауіпсіз білім беру ортасын құруға лайықталған. Сондай-ақ апатты жағдайдағы нысандар, үш ауысымды мектептер мен орта білім берудегі орын тапшылығын жою мақсатында салынып жатыр.
Құрылыс басында болып, атқарылып жатқан жұмыстарды бақылаған әкім құрылысшыларға жұмыс қарқынын арттыруды, әсіресе, материалдардың сапасына назар аударуды және оқу орындарын салу стандартын қатаң сақтауды тапсырды.
Шаһар басшысы сонымен бірге салалық басқарма басшылары мен мердігер мекеме өкілдеріне де бірқатар міндеттер жүктеді. Нақтырақ айтқанда, құрылыс нысанындағы жұмысшылар санын арттыру және барлық нысандардың құрылысын белгіленген мерзімде аяқтау бойынша тапсырма берді.
Әкім қаланы аралау соңында Абай ауданындағы Юсупов көшесінің құрылысымен де танысты. Жауапты мамандарға жұмыстың сапасына аса мән беру керектігін айтты және жұмысты белгіленген мерзімде аяқтауды міндеттеді.
Көше демекші, биыл Шымкент көшелерінде 900-ге жуық жаңа аялдама павильоны орнатылады. Қазір қала аумағында 1886 аялдама орны бар.
Павильондармен қамтамасыз етілгені – 1338, оның ішінде ескі үлгідегі аялдама саны – 500, ал жаңа үлгідегі аялдама – 838.
Қала аумағын аялдама павильондарымен толық қамтамасыз ету үшін қажетті аймақтарға 398 аялдама орнату және 500 ескі аялдаманы жаңарту жоспарланып отыр.
Жоспарға сәйкес, биыл 898 жаңа аялдама павильонын орнату жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі уақытта қала орталығында орналасқан 200 аялдамаға атаулар орнатылып жатыр.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

30 тамыз, 23:58
Түркістан: Полиция департаментінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жедел кеңес өтті
30 тамыз, 23:55
Түркістан полициясы Конституция күнін атап өтті
30 тамыз, 23:53
Түркістан облысында Конституциямен құрдас 140-тан астам полицей қызмет етеді
30 тамыз, 23:51
Түркістан полициясы Конституция күніне орай бірқатар іс-шара өткізді
30 тамыз, 1:50
Түркістан: Есірткіге қарсы ымырасыз күрес
28 тамыз, 19:46
Түркістан: Мереке қарсаңында 180-нен астам полиция қызметкері марапатталды
28 тамыз, 14:57
Түркістан: Арыс ауданында профилактикалық іс-шаралар өтуде
27 тамыз, 15:06
Бекзат Бекжанұлы: Қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндетіміз
26 тамыз, 15:52
Түркістан: Мопед тізгіндеушілер, мал ұрлығы және жоғалған бала