jasqazaq.kz

Шымкент: «Әділетті Қазақстан – Адал азамат – Озық ойлы ұлт» тақырыбындағы адалдық сағаты өтті

05 қыркүйек 2024, 13:49

Сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздің бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің бірі болып отыр. Қазір еліміздің барлық өңірінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жүргізілуде. Осыған орай Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Әділетті Қазақстан – Адал азамат – Озық ойлы ұлт» тақырыбында адалдық сағаты өтті. Бұл туралы аталға оқу ордасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаментінің Ұйымдастыру-бақылау басқармасының басшысы Т.Үсіпбеков, қоғам қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Қоғамдық кеңес мүшесі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтер Ш.Мырзахметов, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басқарма басшысы А.Нұрғали және университеттің Басқарма төрағасы-ректор міндетін уақытша атқарушы Қайрат Нұрманбетов, профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылар қатысты.

Адалдық сағатының мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен мәдениетті арттыру және академиялық адалдық қағидаларын насихаттау. Кездесуде қонақтар қоғамдағы азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетін қалыптастырудың маңызын, сыбайлас жемқорлық фактілерін хабарлау мен жемқорлық тәуекелдерінің алдын алудың өзектілігін түсіндіріп, мемлекеттік органдарға деген сенімді арттыруға үлес қосуға шақырды. Сондай-ақ ғылыми қауым мен білім алушылар назарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы роликтер көрсетілді.

Жиын барысында жемқорлықпен күрес алдымен адами факторлардың таным-түсінігіне, рухани кемелдігіне байланысты екені, сондықтан жемқорлықпен күрес жүйелі әрі тиімді тетіктерді іске қосқанда ғана оң нәтиже беретіні айтылды.

Басқарма төрағасы-ректор міндетін уақытша атқарушы Қайрат Еңбекшіұлы оқу орнында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылып жатқан жұмыстар, комплаенс-қызметінің маңызы және академиялық адалдықты тұрақты ілгерілету туралы ақпарат берді.
2024-2025 оқу жылындағы университеттегі адалдық сағаты өткізіліп отырған іс-шарамен басталды және қыркүйек айында 1 курсқа қабылданған 6 мыңнан астам білім алушылар қатысатын 15 адалдық сағатымен жалғасады.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы М.Әуезов атындағы ОҚУ

30 желтоқсан 2025, 12:34
2026 жылы елімізде не күтіледі? (Видео)
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды