Шымкент: 58 жастағы тұрғынның жүрегі ауыстырылды

26 шiлде, 14:44


Еліміздің үшінші мегаполисі – Шымшаһардағы медицина саласы елімізде көш бастап тұрғанын бұған дейін де жазғанбыз. Мұндағы хирургтер күрделі ота жасау жағынан шетелдік әріптестерінен бір де кем түспейді.

Күні кеше Шымкент қаласындаға «Жүрек» орталығында дәрігерлер жүрек трансплантациясын сәтті жасап шыққаны хабарланды.
58 жастағы қала тұрғыны көптен бері жүрек алмастыру сәтін күтіп жатқан болатын. Ал дәрігерлер пациентке күні кеше жол апатынан қаза тапқан жеткіншектің жүрегін салып берді. Жас өмірі қиылған 18 жастағы жас жігіт тек бір адамның өмірін ұзартқан жоқ, оның төрт ағзасы мұқтаж науқастарға бұйырыпты.
Жүрегі ауыстырылған науқас отадан кейін реанимация бөлімшесіне ауыстырылған. Дәрігерлер жүрегі алмастырылған пациент есін жиып,жағдайы жақсарғанын мәлімдеді.
Айта кетейік, мәйіттен алынған жүрек трансплантациясы Шымкентте екінші рет жасалды. Бұл жолы қаладағы Жүрек орталығының қызметкерлері ағза алмастыру отасын өз күшімен жасап шықты. Мұндай жоғары технологиялық операциялар мемлекет тарапынан тегін жасалады.
Жалпы Шымкентте жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім-жітім соңғы екі жылда 22 пайызға азайған. Дәрігерлер мұны жүректің ишемиялық және өткір коронарлық синдром ауруларында науқастарға дер кезінде сапалы медициналық көмектің көрсетілуімен байланыстырады.


Мәселен, Шымкенттегі «Жүрек орталығы» ангиографиялық бөлімшесінің меңгерушісі Исабек Керімқұловтың жетекшілігімен жылына 5000-нан астам адамға жүрек ауруларында коронаграфия жасау отасы, яғни қан тамырларының бүтіндігін зерттеу әдісі мен зақымдалуы кезінде стент орнату операциялары жасалуда. Қымбат бағалы ота түріне жататын коронаграфия әдісінің құны 400 мың және стент орнатудың бағасы 1,5 миллион теңгеге жуық тұрады. Күрделі ота дертке шалдыққан азаматтар үшін қолжетімді және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен қаржыландырылуда.
Шымкент Жүрек орталығының білікті дәрігерлер құрамы туа бітті немесе жүре пайда болған ауыр жағдайларда жүрек қақпақшаларын алмастырады. Жүрекке ашық ота жасау, стент қою және жүректің ишемиялық ауруларын анықтауда коронаграфиялық тексеру әдісі осылайша өлім-жітім санын азайтып, мыңдаған адамның өміріне араша болуда.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, осы орталықта 4000-нан астам адамға жүректің ишемиялық аурулары мен өткір миокард инфарктісінде коронаграфиялық ота жасалып, 2500-ге жуық науқастың жүрек-қан тамырларына стент орнатылған.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде