jasqazaq.kz

Шымкент: 300 отбасы тұрғын үй сертификатын алады

19 шiлде 2024, 12:35

Елімізде әлеуметтік осал топтағы жандардың баспана алуына бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Мәселен, жергілікті атқарушы орган тарапынан тұрғын үй сертификаттары қарастырылған. Осы орайда Шымкентте жергілікті бюджеттен ипотекалық негізде баспана сатып алушыларға жалпы сомасы 300 млн теңге көлемінде тұрғын үй сертификаты берілетіні жария етілді. Сертификатқа өтінім абылдау туралы хабарландыру қала әкімдігінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында, бұқаралық ақпарат құралдарында алдын ала жарияланады.
Тұрғын үй сертификаты мемлекеттік бағдарламасы аясында несие негізінде «2-10-20», «5-10-20» бағыттары шеңберінде тұрғын үйді сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін қайтарымсыз негізде банктің ипотекалық қарыз шартын мақұлдау хатын алған соң беріледі. Тұрғын үй сертификатының сомасы әрбір үміткер үшін 1 млн теңгеден аспайтын бірыңғай мөлшерде айқындалған.
Бұдан бөлек жыл басынан бері 200 млн теңгеге қайтарымсыз негізде тұрғын үй сертификаттарын беру бойынша ағымдағы жылдың 22 қаңтарынан бастап азаматтардан құжаттар қабылданып, 218 азаматқа тұрғын үй сертификаттары берілген болатын. Қалалық тұрғын үй басқармасының мәліметінше, бұл қолдауды 1,2 топ мүгедектігі бар азамат, 16 толық емес отбасы, ерекше бала асыраушы 49 отбасы, бюджеттік мекемелердің 40 қызметкері, 30 көпбалалы отбасы, 7 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар иеленді.
Алөткен жылы жылы қайтарымсыз негізде 148 отбасы тұрғын үй сертифаттары арқылы ипотекалық баспанаға қол жеткізген болатын.
Сондай-ақ биыл қалада 2537 отбасының тұрғын үйдің жалдау ақысының 50 пайызы мемлекет тарапынан төленіп, субсидиялануда. Тұрғын үй жалдау төлемдерін субсидиялау бағдарламасына тұрғын үй кезегінде тұрған І және ІІ топ мүгедектігі бар азаматтар, мүгедектігі бар балаларды асыраушы отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар, көпбалалы отбасылар санатындағы азаматтар қатысады.
Төлем тәртібі бойынша ай сайын мониторинг жүргізіліп, субсидия алушылардың бағдарлама талаптарына сәйкестігі тексеріледі. Былтыр, мәселен, тексеруден кейін 500-ге жуық азаматтың тұрғын үйді жалдау ақысын субсидиясы тоқтатылды.
Жыл соңына дейін жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз 900 жалдамалы пәтер берілмек. 2274 пәтер кезекте тұрған азаматтарға арналған жеңілдетілген «2-10-20», «5-10-20» бағдарламалары бойынша жыл соңына дейін беру жоспарлануда. 2024 жылға өтпелі болған 244 пәтер несиелік негізде «Отбасы банк» арқылы беріледі.

JQ-Aqparat

Бүгін, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды