jasqazaq.kz

Шымкент: 217 адамның бизнес жобасы мақұлданды

13 тамыз 2024, 13:20

Шымкент қаласында 400 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейінгі қайтарымсыз гранттың екінші легі бойынша комиссия отырысы жұмысын аяқтады. Комиссия өкілдері әлеуметтік осал топқа жататын 217 адамның бизнес-жобасын мақұлдады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, екінші лек бойынша BUSINESS.ENBEK порталына 1294 адамнан өтінім келіп түскен. Олар – атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылар, көп балалы отбасы (ең үлкен перзент 23 жастан аспаған), асыраушысынан айрылған әлеуметтік төлем алушы отбасылар, қандастар, қоныс аударушылар (солтүстік өңірлерге), еңбекке қарсы көрсетілімі жоқ мүгедектігі бар азаматтар және мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған отбасылар.

Комиссия құрамында қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының мамандары, қала мәслихатының депутаттары, қоғамдық бірлестік өкілдері, журналистер, қалалық қоғамдық кеңес мүшелері және кәсіпкерлер болды.
Комиссия мақұлдаған бизнес-жобалардың 19-ы мал және құс шаруашылығын, 49-ы қызмет көрсету саласын, 22 жоба кондитер және нан өнімдерінің өндірісін, 44-і тігін, 16 жоба жартылай фабрикаттар, 5-і жиһаз өндірісін, 27 жоба өндіріс саласы мен 35-і қоғамдық тамақтану орындарын іске қосу жобаларын құрады.

Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өмірсейітқызы: «Халықтың осал тобындағы азаматтардың қайтарымсыз грант қаржысына шағын кәсіпкерілігін бастап, немесе дамытып, өзінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға мүмкіндігі болады. Қайтарымсыз грант қаржысы бір рет беріледі. Оның нысаналы мақсаты бойынша – қажетті еңбек құралдарын сатып алуға және технологиялық жабдықты, мал, құстарды, көшеттер, бұталарды, тұқымдарды сатып алуға жұмсалуы тиіс. Берілетін қайтарымсыз қаржының көлемі 400 АЕК, 1476,0 мың теңге)», – деді.

Ал санаттар бойынша атаулы әлеуметтік көмек алып отырған отбасы – 5, 130-ы көпбалалы отбасы, 14-і асыраушысынан айырылып, бүгінде әлеуметтік төлем алып отырған отбасы, 31-і еңбекке қарсы көрсетілімі жоқ мүгедектігі бар азамттар болса, 37-сі мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған отбасылар.

Бүгінде грант жеңімпаздары Еңбек мобильділігі орталығымен келісімшарт жасауда. 400 айлық есептік көрсеткіш 1 476 800 теңгені құрайды. Қайтарымсыз грант қаржысы несиені өтеуге, жылжымайтын мүліктерді сатып алуға және акцизделетін өнімдерді өндіруге қолданылмайды.

JQ-Aqparat
Cурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?