Шымкент: 15 минут сайын бір сәби дүние есігін ашады

17 наурыз, 17:00

Бүгін еліміз Наурызнаманың «Шаңырақ» күнін атап өтуде. Отбасылық құндылықтарды дәріптейтін және өнегелі ұрпақ тәрбиелеген үлгілі отбасыларға арналған мәдени іс-шаралар Шымкент қаласында да ұйымдастырылуда. Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қалалық перинаталдық орталықта жаңа туған нәрестелердің ата-аналарына «Наурыз базарлық» естелік кәдесыйларын табыстады.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Нұрлыбек Әбибұллаұлы қала әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлына Шымкенттегі перзентханалардың жағдайы, ана мен балаға көрсетілетітін көмектер жайлы баяндады.

Басқарма басшысының мәлімдеуінше, бүгінде Шымкентте төрт перзентханада 15 минут сайын бір сәби дүние есігін ашады.
Үшінші мегаполисте жыл басынан бері 4911 сәби туылса, оның 2493-і — ұл, 2418-і — қыз баласы. Өткен жылы 31 377 бала туылған. Қала тұрғындарының 39,4 пайызын ер балалар құрайды.

— 2023 жылы қалалық перзентханалармен және N2 ауруханаға қарасты перзентхана бөлімдері толық жабдықталып, перинаталдық көмектің 3-ші деңгейіне ауыстырылды. Нәтижесінде медициналық ұйымдарда қызмет деңгейі көтеріліп, ана мен балаға көрсетілетін көмек жақсара түсті. Сондай-ақ медицина ұйымдарындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін 32 маман әлемнің жетекші клиникаларында тәжірибесін шыңдап келді,- дейді қалалық денсаулық сақтау басқармасының бастығы.

«Шымкент келбеті»

29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды