jasqazaq.kz

Шымкент: 133 оқытушы қаржы сауатын арттырады

27 тамыз 2024, 12:24

Бүгінде халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру маңызды. Қазір алаяққа алданып, қомақты қаржысынан айырылып жатқандар немесе несиені шамадан тыс көп алып уақытылы өтей алмайтындар бар. Осыған орай Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы ОҚУ базасында «AMANAT» партиясының білім беру жобасын қамтуды кеңейту жөніндегі жол картасы» шеңберінде «Қаржылық сауаттылық» курсы басталды, деп мәлімдеді аталған оқу орнының баспасөз қызметі.

Курста қаржылық сауаттылықпен Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары және Шымкент қаласынан 16 ЖОО-ның оқытушылар құрамы қамтылады. Универсиеттің «Қосымша білім беру орталығының» басшысы Райымберді Рысдаулетов үш күндік курстан 133 оқытушы өтетінін атап өтті.
Курстың алғашқы күнінде Әуезов университетінің Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Айгүл Наукенова аталған жобаның маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Қаржылық сауаттылық» жобасының оқу мерзімі үш күн, ал оқыту тегін жүргізіледі. Дәрісте қаржылық тәуелсіздік, шығындарды басқару, қаржылық жоспарлауды үйрену, ыңғайлы шартта несие таңдауды үйретеді.

«Аталған курс түске дейін оқытылады, түстен кейін қатысушыларға жеке консультация беріледі. Қазір әр адамның басында қаржылық сауаттылыққа қатысты мәселесі бар. Одан бөлек қарыз алайын деп жатқан азаматтарға осы біздің бекітілген сарапшылар қатысушыларды жеке қабылдап әрқайсысымен жеке жұмыс жасайтын болады. Курстың мақсаты — халықтың арасында қаржылық сауаттылықты арттыру, өз қаржысын тиімді басқаруды үйрету. Сонымен қатар несие сынды тығырыққа тірелген азаматтарға ары қарай кеңес беру. Мәселелерін қарап, оларды шешудің жолын көрсету», — деді Айгүл Наукенова.

Атап өтейік, «Қаржылық сауаттылық» курсының спикерлері – жоғары оқу орындарының «Қаржы» кафедрасының оқытушылары, экономика ғылымдарының кандидатары мен профессорлары. Жобада спикерлер қаржылық сауаттылықтың түсінігі, мақсаттары мен міндеттері; жеке қаржы; кіріс, шығыс, бюджет; жеке қаржылық қауіпсіздік; салықтар және жеке тұлғаларға салық салу; сақтандыру; қаржы нарығы және инвестиция негіздері және өзге тақырыптарда дәріс жүргізеді. Қатысушылар табысын тиімді жұмсау мен кіріс пен шығысты дұрыс есептеуді үйренеді. Қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша кеңес алады.
Курс қорытындысы бойынша барлық тыңдаушыларға сертификаттар табысталады.

JQ-Aqparat
Сурет: Шымкент қаласы М.Әуезов атындағы ОҚУ баспасөз қызметі

Бүгін, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?