Шымкент: 12 мыңнан астам түлек ҰБТ тапсырады

23 мамыр, 13:45

Оқу жылының аяқталуына санаулы күндер қалды. Еліміздің үшінші мегаполисі — Шымкент қаласында 13 286 оқушы 11 жыл білім алған алтын үясымен қоштасады. 21 777 оқушы 9 сыныпты тәмәмдайды. Мектеп бітіруші түлектерге арналған аттестаттарды сатып алу үшін бүгінде бюджет есебінен 31 млн 235 мың 674 теңге қаржы қарастырылып, тапсырыс берілген. Бұл туралы Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиева айтты.

«Биыл қала бойынша мектеп бітіруші 13 286 түлектің 12 066-сы ҰБТ тапсыруға өтінім білдірген. Биыл Ұлттық біріңғай тестілеу 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өткізіледі. ҰБТ қатысушы түлектердің деректер базасына тіркелуі 2024 жылдың 20 сәуір мен 20 мамыр аралығында жүргізіледі. Қатысушыларға аталған уақыт аралығына дейін тестілеуге 2 рет өтініш беруге мүмкіндік беріледі, — деді Нұргүл Шәмшиева.

2024 жылы ҰБТ қаладағы 695 орындық «U-Study» 3 (үш) аймақтық тестілеу орталықтарында өткізіледі.
Олар:
1. Т. Рысқұлов к-сі, №175а, 119 орындық тест орталығы;
2. 8-март к-сі, №22 296 орындық тест орталығы;
3. Алматы тасжолы, №138/13 200 орындық тест орталығы.
Барлық орталықтар қажетті техникалық құралдармен, сондай-ақ тест орталықтары жедел жәрдем, өрт сөндіру қызметі, психолог және медицина қызметкерлерімен қамтамасыз етілген.

Биыл 11-сыныпты бітіретін 13 286 оқушының 458-і «Алтын белгіге» үміткер санатына енген. Ал «Үздік аттестатқа» 11 сынып бойынша 641 оқушы үміткер болса, 9 сыныптар бойынша 1158 оқушы үміткерлер қатарына кірген.

Сондай-ақ алғаш рет 5,6,7,8,10 сыныпта оқитын 116 649 оқушы 27-30 мамыр аралығында қазақ тілінен аралық емтихан тапсырады. Емтихан тапсырмасын орындау үшін 180 минут беріледі. Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардан өткен тақырыптар мен оқу мақсаттарына сәйкес емтихан алынады. Сонымен қатар, биыл 9-10 сынып білім алушыларының қорытынды бітіру емтихандары 2024 жылғы 29 мамыр мен 10 маусым аралығында ана тілі, математика, қазақ тілі мен әдебиеті (орыс, өзбек) және таңдау пәндері бойынша өткізіледі.

Ал 11-12 сынып оқушылары үшін бітіру емтихандары 2024 жылғы 28 мамыр мен 11 маусым аралығында бес пән бойынша өтеді. Оқушылар ана тілі, математика, Қазақстан тарихы, қазақ тілі және әдебиеті (орыс, өзбек) және таңдау пәндері бойынша емтихан тапсырады.

«Алтын белгі» үлгілі мінез-құлық танытқан және 5-11 (12) сыныптар аралығында барлық пәндерден жылдық және қорытынды бағалары «5» болған оқушыға, сондай-ақ жалпы орта білімі бойынша қорытынды аттестаттаудан барлық пән бойынша «5» деген баға көрсеткішіндегі 11 (12) сынып бітірушілеріне де беріледі. Түлектерге аттестат 12-15 маусым аралығында салтанатты түрде табысталады.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде