jasqazaq.kz

Шымкент: 100 кәсіпкердің құқығы қорғалды

10 маусым 2024, 13:33

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы сәуірде кәсіпкерлердің құқығын қорғауды жандандыру жөнінде тапсырма берген еді. Президент сондай-ақ әкімшілік кедергілерді анықтау және оларды жою шараларын әзірлеу, отандық кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы орта қалыптастыру мәселелерін үнемі назарда ұстайды.

Айта кету керек, Шымшаһарда бұл бағытта тұрақты түрде жұмыс жүргізіледі.

Бүгінде Шымкент қаласында кәсіпкерлікті қорғау саласында 1 012 кәсіпкердің құқығы қорғалып, 6 әкімшілік кедергі жойылды, 13 лауазымды тұлға түрлі жауаптылыққа тартылды. Бұл туралы Шымкент қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шымкент қаласы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының бастығы Бақытжан Байғозиев атап өтті.

Басқарма басшысының айтуынша, жүргізілген талдаумен «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы «SHYMKENT» АҚ-мы (бұдан әрі — Қоғам) кәсіпкерлермен бірлескен қызмет туралы шарттар бойынша шарттық міндеттемелерді бұзғаны үшін түрлі айыппұлдар қолданылған.

Ол: «Қадағалау актісі бойынша кәсіпкерлердің құқықтарын бұзғаны үшін сотпен ӘҚБтК 159-бабы 3-1-бөлігі бойынша Қоғам әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 104,7 млн теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар, 900-ден астам кәсіпкердің ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханаларында жануарлардан алынатын өнімдерді қайта сараптау тәжірибесі тоқтатылды. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі білім беру басқармасының конкурстық комиссиясының заңсыз шешімінің күші жойылып 100 кәсіпкердің құқықтары қорғалды. Кәсіпкердің қызметіне заңсыз араласқаны үшін салық органының басшысы ӘҚБтК-тің 173-бабымен әкімшілік жауаптылыққа тартылды», — деді.

Прокуратура Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында маңызды инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды сүйемелдейді.

Осы бағытта 6 өзекті кейс шешімін тапты. Атап айтқанда, қытай инвесторына газ тарату желілерін жобалауға және қосуға арналған техникалық шарттарды алуға ықпал жасалса, басқа инвесторға жер телімінің шекарасын белгілеу түріндегі қызмет көрсетуді созбалаңдылыққа салғаны тиылып, мемлекеттік қызметті алуға көмек берілді.

Сонымен қатар, «Даму бала» бағдарламасы аясында 100-ден астам кәмелетке толмаған балаларға қызмет көрсете алмаған инвесторға жан басына шаққандағы қаржыландыруға қаражат бөлуге қол жеткізді.

Қала прокуратурасы әкімдікпен бірлесіп «Invest–Shymkent» фронт-офисін құру жұмыстарын жүргізді. Енді инвесторларды сүйемелдеу және оларға мемлекеттік қызметтерді көрсету мақсатында «бір терезе» қағидаты бойынша «жасыл дәліз» құрылды.
Бизнес субъектілері өзекті мәселелер туындаған жағдайда кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі байланыс орталығының нөміріне немесе Фронт-офиске хабарласа алады.

JQ-Aqparat

Суреттер: Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды