Шымбұлақ 70- маусымын ашты

23 желтоқсан 2023, 11:22


Қысқы спортты сүйетін қауымға жағымды жаңалық. Алматыдағы әйгілі «Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты сырғанау маусымын ашты. 70-ші маусымын бастаған әйгілі курортқа келушілер саны жыл сайын артқан. Қызмет сапасы көтерілгенімен, баға бұрынғыдай дейді басшылық. Биыл наурызда ғана әлемдегі ең биік түнгі тау шаңғысы трассасы бар курорт ретінде Гиннестің рекордтар кітабына кірген кешенге – 70 жыл толып отыр.
Журналистермен кездескен курорт басшылығы ең алдымен Шымбұлақтың тарихына тоқталып, жаңа маусымның жаңалықтарымен бөлісті.
«Шымбұлақ» тау-шаңғы кешені директорының орынбасары Ләззәт Бастаубаева: « Біз биыл Шымбұлаққа келушілерді жаңа әрі креативті идеялармен қуатпақпыз. Мәселен, мүлде сырғанай алмайтындарға жаңа қауіпсіз үйрену трассасы іске қосылады. Сондай-ақ Комби-1 орта станциясында ақпараттық орталық ашылады. Жаңа жобалардан бөлек, курорт биыл Еуразия тау курорттары альянсын құру туралы меморандумға да қол қойған. Сонымен қатар Медеу база станциясының жанында Кіші Алматы өзенінің бойында ашылған Медеу Camp лагерін ерекше айта кетсем болады. 2024 жылы ашылатын Медеу Хаб креативті жобасы да бизнес өкілдері мен тың жобаларды ақылдасатын орынға айналады. «Шымбұлақ» тау курортының қонақтары жылдан-жылға артып келе жатыр. Орта есеппен 25-27 пайызға өсуде. Оның 20-25 пайызы — шетелдік қонақтар. Курорт алдағы уақытта да келушілер санын арттыру бойынша кешенді жұмыстар атқаратын болады»,- деді.
Сонымен қатар, Шымбұлақ әлеуметтік жобалармен белсенді айналысады:
«Табиғат және адам» бөлімі 2022 жылы құрылған. Бөлімнің миссиясы — адамдардың табиғи жерлерде болу қауіпсіздігі мен мәдениетінің деңгейін арттыру. Бөлім қызметінің негізгі бағыттары:
SHYMBULAK OUTDOOR MEETINGS — ӘЛЕУМЕТТІК-БІЛІМ БЕРУ БАҒЫТЫ
«SOM» миссиясы — елдің туризмін дамытуға көмек көрсету, осы индустрияда еңбек ететін адамдардың кәсіби деңгейін арттыру, сондай-ақ таулы жерлерде болу қауіпсіздігінің деңгейін арттыру
MOUNTAIN OPEN SOUL- ӘЛЕУМЕТТІК-ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ БАҒЫТЫ
«MOS» миссиясы — балалар мен ересектерді тау мәдениетіне баулу, сондай-ақ ерекше қажеттілігі бар адамдар мен халықтың әлеуметтік осал топтарының балалары арасында бейімделген дене шынықтыруды дамытуға жұртшылықтың назарын аудару арқылы қоғамға өтеусіз үлес қосу.
Жаңа жобалардан басқа, курортта бірқатар халықаралық спорттық іс-шаралар жоспарлануда:
21-25 ақпан аралығында Freeride World Qualifier — қауіпсіздік стандарттары, төрешілік критерийлері, қатысушылар рейтингі және ақпараттық сүйемелдеу бірыңғай ережелері бар тау шаңғысы мен сноубордта фрирайд бойынша халықаралық жарыстардың сериясы.
2024 жылғы 3-10 наурыз аралығында Алматыда «Шымбұлақ» ТК-да алғаш рет SCIJ халықаралық клубының 69-шы қысқы кездесуі өтеді. Шараға 32 елден 150-ден астам БАҚ өкілдері қатысады.

Мақпал Ноғайбаева

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу