jasqazaq.kz

Шығыс Қазақстандағы Берел қорымынан Алтын адам табылды

01 тамыз 2017, 14:40

«Сакралды Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Берік Әбдіғали Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданындағы Берел қорымынан Алтын адамның табылғанын жариялады.

«Сүйінші, ағайын! Тағы да көне дәуірдің көзіндей болған құнды жәдігер! Сақ дәуіріне тән түрлі дүниені бүгінге бүтіндей жеткізген Алтай таулары маңындағы Берел қорымынан Зейнолла Самашев бастаған экспедициялық топтың қазба жұмыстары нәтижесінде, тағы бір Алтын адам табылды. «Қасиетті Қазақстан» бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысына іссапарға барып, осындай айтулы жаңалыққа куә болдым», — дейді фейсбук парақшасында Берік Әбдіғали. Айта кетерлігі, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі соңғы жылдары тарихи орындарға баса маңыз беріп келеді. Облыс әкімі Даниал Ахметов жауапты ведомстволарға Шығыс Қазақстандағы тарихи-мәдени орындардың «Қызыл кітабын» дайындауды тапсырған болатын.

 

ҚазАқпарат

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда