jasqazaq.kz

Шу тұрғынынан 14 келі гашиш тәркіленді (Видео)

10 сәуiр 2024, 10:49

Жамбыл облысында есірткі трафигі арнасының жолы кесілді.

Polisia.kz хабарлағандай, жедел-іздестіру іс-шаралары Жамбыл облысы Шу ауданы Төле би ауылында ПД ЕҚҚІБ және ҰҚКД қызметкерлері жүргізді. Нәтижесінде есірткі заттарын өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде сақтады деген күдікпен 25 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.
Күдіктіден ішінде гашиш есірткі құралы бар полиэтилен қапшығы тәркіленді. Ер адам тыйым салынған заттарды Алматы қаласында сату үшін сақтаған.
– Алынған заттың жалпы салмағы 14 келі 20 грамм – бұл шамамен 5600 дозаны құрайды. Олардың қара нарықтағы жалпы құны 5 млн теңгеден асады. Ұсталған адам кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деп атап өтті ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?