«Ал Давай» тобының мүшесі Шоқан Маратұлы өзінің ұлы қазақ емес екенін және есімн өзгерткенін мойындады. Әнші бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасына жазба қалдырған.
«Менің ұлтымды және есімімді не себепті өзгерткенімді білгісі келетіндер үшін! Менің әкем ұйғыр. Яғни менің де ұлтым ұйғыр. Есімімді өзгерту өз қалауым болды. Бұдан қазақ болып кеткенім жоқ. Төлқұжат бойынша қазақпын. Жағымсыз пікір жазатьындарға білім алып, өз-өзін дамытуға кеңес беремін. Себебі бұл өз өміріңізді жақсартудың және басқаларға қызғанышпен қарамаудың жалғыз жолы»-дейді әнші.
Айта кетейік, әншінің туғанда азан шақырып қойған есімі Шухрат. Кейін өзі Шоқан деп өзгертіп алған.
Дереккөз: Reactor