jasqazaq.kz

ШҚО: Күршім ауданында төтенше жағдай жарияланды (Видео)

16 қантар 2024, 11:00


Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында қалың қар түсіп, ауыл халқы аттап баса алмай қалды. Қар құрсауында қалған халыққа көмек көрсету үшін тікұшақ жұмылдырылды, деп хабарлайды Kazinform.
Кешелі бері әлеуметтік желіде Күршім ауданындағы ауылдардың қар астында қалғаны туралы видеолар тарап жатыр. Соның салдарынан халықтың қаламен, аудан орталығымен қатынасы үзілген. ШҚО әкімдігінің мәліметінше, ауыл тұрғындары үшін азық-түлік пен дәрі-дәрмек тікұшақпен жеткізілді.
— Күршім ауданында 7 қаңтардан бастап қарлы боран тоқтамай тұр. Кейбір жерлерде қар қалыңдығы 1.8-2 метрге жетті. Маралды және Төсқайың ауылдық округтерінің елді мекендеріне көлік қатынасынан қалды. Қардың түсуі нормадан асып кетуін және елді мекендерге көлік қатынасының болмауын ескере отырып, Күршім ауданының әкімдігі жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялады, — делінген ақпаратта.
ШҚО Көлік және автомобиль жолдары басқармасының деректері бойынша жол жүруді қамтамасыз ету үшін қосымша техника жөнелтілді. Қазіргі уақытта 24 арнайы техника жұмылдырылған. Алайда боранға байланысты жұмыс істеу қиындық тудыруда.
— Сондай-ақ Күршім ауданына қажетті көмек көрсету үшін ШҚО ТЖ департаментінің өтімділігі жоғары техникасы келді. Маралды және Төсқайың ауылдық округтері мектептерінің оқушылары 8 қаңтардан бастап қашықтан оқыту форматына ауыстырылды. 16 қаңтарда ауылдық округтердің тұрғындарына қажетті азық-түлік пен дәрілік заттарды жеткізу үшін тікұшақ жіберілді. Жағдай жергілікті атқарушы органдардың бақылауында, — делінген хабарламада.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?