jasqazaq.kz

ШҚО-да тұрғындар наразылығын туғызған шошқа фермасына қатысты сот үкімі шықты

24 қараша 2022, 15:15

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы мен Глубокое ауданы Степное, Шмелев Лог ауылдары халқының наразылығын туғызған шошқа фермасына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Экология департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тұрғындардың шағымынан соң шошқа фермасына тексеру жүргізілген. Соның нәтижесінде, бірқатар заңбұзушылық анықталды.

«Атап айтқанда, «Родничок» шаруа қожалығына тиесілі шошқа фермасы Шмелев Лог және Лесхоз ауылдарында жұмыс істеуге қажетті экологиялық рұқсат қағаздарын рәсімдемеген. Шошқа қалдықтары ашық жерге тасталуы салдарынан топырақ жамылғысы ластанды. Соған орай департамент ферма иесіне айыппұл салып, кемшіліктерді түзетуге уақыт берді. Алайда одан еш нәтиже шыққан жоқ», — делінген ақпаратта.

Осыдан соң іс Өскемен қалалық мамандандырылған әкімшілік сотында қаралды. Сот шошқа фермасын жабу туралы шешім шығарды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия