jasqazaq.kz

Үшінші рет тұрмысқа шыққан Ақбота Керімбекованың тойы қалай өтті? (видео)

28 тамыз 2017, 11:06

Көпшілікті махаббат туралы мұңды әндерімен жылатып, жүректерін тербететін Ақбота Керімбекова үшінші рет тұрмысқа шықты. Әншінің тойы күндіз, ашық аспан аясында ерекше болып өтті деп хабарлайды NUR.KZ.

Тойға әнші мен жарының туған-туыстары, Ақботаның өнердегі барша әріптестері келген.

Үйлену тойы өтіп жатқан жерге жас жұбайлар екі лимузинмен келді. Үшінші рет ақ көйлек киіп жатқан Ақбота мен жары Рауанның достары той кортежінен көздерін жауып тұратын бетперде киіп түсті.

Жұбайлар неке қию рәсіміне қарай Дос-Мұқасан тобының «Той жыры» әнімен барып, ресми түрде туған-туыс пен дос-жарандарының ортасында некелерін заңдастырды.

Асабадан сөз кезегін алып, сахна төріне шыққан Ақбота тойына өзін қатаң сынға алмайтын, түсінетін жандардың келгенін айтты.

«Ал құрметті менің осында отырған барша достарым, жақындарым, ата-анам! Бүгін кішігірім қуанышымызға келіп… енді шақыратын адам, әрине, жетерлік. Бірақ енді бүгінгі тойымызға бізге шынайы тілекші деп сіздерді шақырып отырмыз.

Әрине, өнерде жүргеннен кейін сын көп, әңгіме көп. Әр адамның өзінің басына жазылған тағдыры ғой. Сол себепті біз Рауан екеуміз сол сіздердің тілектеріңізді, жылы ниетттеріңізді алайық деп, «басқа сынаса да, сіздер сынамайсыздар» деген ниетпен сіздерді шақырып отырмыз» ,- деді ол.

Ақботаның жары Рауан да өнерден құр алақан емес сияқты. Ол өз кезегінде сүйіктісімен бірге дуэт орындады.

03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады
03 шiлде, 13:01
Түркістан: Елді мекендерде жол жөндеу, жаңғырту, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр
03 шiлде, 12:38
Түркістан: Инвесторлар іскерлік байланыс орнатуға ниетті
03 шiлде, 12:08
Нұрлан Қойбағаров: Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау – мәслихаттың тұрақты бақылауында
02 шiлде, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
02 шiлде, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
02 шiлде, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
02 шiлде, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
02 шiлде, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды