jasqazaq.kz

Шикізатқа байланған экономикадан – өңдеу өнеркәсібіне

05 ақпан 2024, 15:09

Елімізде биыл 1,2 трлн теңгеге 180 индустриялық жоба іске асырылады.

Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, шикізатқа бағдарланған экономикадан қосылған құны едеуір жоғары салаларға басымдық беретін экономикаға өту жөніндегі шараларды іске асыру жалғасады. Бұл индустрияландыруды және оның қарқынды дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Мәселен, өткен жылы өңдеу өнеркәсібінде 928 млрд теңгеге 170 жоба іске асырылды.
Отандық тауар өндірушілермен 179 ұзақ мерзімді шарт пен оффтейк-келісімшарт жасалды.
Барлық қабылданған шаралардың арқасында өңдеу өнеркәсібінің экономикадағы үлесі тау-кен өнеркәсібінің үлесімен теңесті.
Биыл 1,2 трлн теңгеге 180 индустриялық жоба іске асырылмақ.

Сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз етудің жаңа тетігі индустрияландыруды жеделдетуге ықпал ететін болады.

Машина жасау саласын дамытудың 2028 жылға дейінгі кешенді жоспарын орындау арқасында осы саланың жалпы қосылған құны 4,5 есе өседі деп күтілуде.

Жалпы бүгінде Қазақстанда 32 трлн теңгеге 1 мыңға жуық инвестициялық жобаның жалпыұлттық пулын іске асыру жалғасуда. Бұл экономиканың барлық салаларына қатысты.

2023 жылы 1,8 трлн теңгеге 298 жоба іске қосылды.
2024 жылы жалпы сомасы 3,8 трлн теңгеге 326 жоба іске асырылмақ.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша инвестициялық штабтың жұмысы қайта қаралып, күшейтілді. Ірі инвестициялық жобалар бөлек қаралады. Туындайтын барлық мәселелер жеке қаралып, шешімін табады.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?