jasqazaq.kz

Шеттен келген қазақ балаларына бөлінетін білім гранты 2 есеге артады

23 маусым 2017, 16:32

Үкіметке отандастарымыздың жоғары білім алуын қолжетімді ету үшін оларға қазіргі бөлінетін квотаны екі есе көбейтуді тапсырамын. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында сөйлеген сөзінде мәлім етті.

Құрылтайда шетелден келген қазақ жастарының білім алу мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Нұрсұлтан Назарбаев: «Шетте жүрген ағайынның ұрпағына көмек жасау, жастарға көмек көрсету қажет. Біз шетелдегі қазақ балаларының Қазақстанда білім алуына барлық жағдайды жасауымыз керек. Қазір олар мемлекеттік грантпенен еліміздің жоғары оқу орындарында оқи алатындығын білесіздер. Үкіметке отандастарымыздың жоғары білім алуын қолжетімді ету үшін оларға қазіргі бөлінетін квотаны екі есе көбейтуді тапсырамын. Қазір Қазақстанда білім мен ғылымға өте көп көңіл бөліп жатырмыз», — деді. Тәуелсіздіктің туын тіктегелі бері елімізде салынған мектептердің саны 1500-ге жеткендігіне және Назарбаев университеті, Қазақ-Британ Университеті секілді дамыған елдердің жоғары оқу орындарымен иық тіресе алатын білім ордаларының ашылғандығына тоқталды. Ол оқу орындарында білім алудың оңай болмайтындығын ескерте келе Елбасы: «Егер білімі жетпейтін болса, ол балаларға 1 жылға дайындық курсын өткізуіміз керек. Себебі қанша оқуға алғанменен оқи алмайтын болса, бір жылдан кейін оқудан шығып қалады. Оны біз білеміз. Шетелдік қазақ студенттері үшін біліміне қарай арнайы степендиялық бағдарлама енгізу керек екендігін айтып отырғаным – осы. Қай елдің азаматы болса да, елде оқыған қазақ баласы ертең әрине Қазақстанға қызмет етеді. Осыны ескергеніміз жөн. Шетелден келіп білім алған бала, осы жерден жұмысқа тұрады да жұмыс істейді» — деп жастарды елге тарту керектігін айтты.

Айбарша ЖАҚСЫЛЫҚ

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда