Шетелге емес, Шымкентке бар: бауыр ісігіне жаңа әдіспен ота жасалды

15 сәуiр, 15:00

«Дені саудың – жаны сау» демекші, бүгінде сырқатқа ұшыраған адам уақыт өткізбей дәрігерге жүгінуі керек. Бір жақсысы, көп аурулардың емі өзімізде де табылады, яғни шетелге барып шығындалудың қажеті жоқ. Бұл орайда Шымкент қаласының медицина саласындағы жетістіктерді мысалға келтіруге болады. Сөзіміз дәлелді болуы үшін Шымкент дәрігерлері жасаған екі-үш ота туралы айта кетейік.

Бауыр мен бүйрекке жасалған сәтті ота

Шымкенттегі №1 клиникалық ауруханасының дәрігерлері жасаған бауыр және бүйректі алмастыруға арналған оталар сәтті өтті. Ең алдымен мамандар сырқаты ісік-асцит синдромынан басталған ауыр жағдайдағы науқасқа ұлының бауырының бөлігін хирургиялық жолмен салып берді.

Осы аурухананың базасында бүйрек трансплатациясы да жасалды. Дәрігерлер 11 жасар балаға туған ағасының бүйрегін орнатып берді.

Міне, осындай сәтті жасалған отадан кейін рецепиенттердің де донорлардың да жағдайы жақсы.
Кей жағдайда трансплантация – ауыр сырқаттарға шалдыққан науқастардың өмірін ұзартудың бірден-бір амалы. Айта кетейік, біздің елімізде технологиялық күрделі оталар міндетті әлеуметтік сақтандыру шеңберінде тегін жасалады.

Гемодиализге тәуелді науқастарға тың әдіспен ота жасалады

Биыл Шымкенттегі № 2 ауруханада гемодиализ қабылдайтын 6 науқасқа операция жасалды. Шымкент денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, артериовенозды фистуланың эндоваскулярлы реканализациясы деп аталатын ота қалада тұңғыш рет жасалыпты. Эндоваскулярлы әдісті жергілікті дәрігерлер Ресейден келген әріптестерімен тәжірибе алмасу барысында меңгерді.

Хирургиялық көмек көрсетілген 6 науқастың жағдайы жақсы. Енді олардың денсаулығына төнетін қауіп жоқ. Себебі науқастарға жасалған ота бүйрегі жұмыс атқармай, гемодиализ құрылғысына тәуелді болған науқастардың ем алуын жеңілдетеді.
Бүгінде Шымшаһарда бүйрек ауыстыруды қажет ететін 600-ден астам науқас бар. Олардың өмірі «жасанды бүйрек» аппаратына тәуелді. Мұндай оталарды алдағы уақытта тіркеуде тұрған науқастарға жасау жоспарланған. Өйткені тіліксіз жасалатын ота созылмалы бүйрек ауруына шалдыққан науқастарда оң нәтиже беріп отыр.

Бауыр ісігіне жаңа әдіспен ота жасалды

Шымкент қалалық №2 аурухана қабырғасында алғаш рет эндоваскулярлық операция – TIPS (трансъюгулярлық бауырішілік портожүйелік стенттеу) жасалды. Бұл операция бауыр циррозы бар науқастарда порталдық гипертензия салдарынан қан кетуді тиімді тоқтатады және порталдық венаның қысымын төмендету арқылы асцитті азайтады. Сөйтіп бауыр трансплантациясына дейін уақытша қан кету қаупін азайтып, өмір сүру сапасын арттырады.

Дәрігерлер алғашқы отаны 60 жастағы науқасқа жасады. Бұған дейін оған өңештің варикозды веналарының кеңеюінен бірнеше рет қан кетуіне байланысты эндоваскулярлық склеротерапия операциясы жасалған екен. Өткен жылдың қазан айынан бастап қан кету қайталанған. Сондықтан науқас жоспарлы түрде ауруханаға жатқызылып, гастроэнтерологтар, гематологтар және эндоваскулярлық хирургтардың қатысуымен консилиум ұйымдастырылды. TIPS операциясын жасау туралы шешім қабылданды. Дәрігерлердің айтуынша, операция сәтті өтті.

Айдос Құсайынұлы
Суреттер: Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы

29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды