jasqazaq.kz

Шетел азаматын соққыға жыққан күдікті құрықталды

22 қараша 2023, 10:50

Талдықорғанда шетел азаматын соққыға жыққан 24 жастағы күдікті ұсталды. Оқиға 19 қарашада, қаладағы супермаркетте болған. 28 жастағы шетелдікке жергілікті тұрғын қол жұмсап, қашып кеткен, деп хабарлайды Жетісу облыстық полиция департаменті.

Талдықорған полициясы жәбірленушінің арызы бойынша соққыға жыққан күдіктіні анықтады.
Бейнекамераға жазылып қалған оқиғаға екі адамның сөзге келіп қалуы себеп болған.

Іздеу нәтижесінде Талдықорған полицейлері шетелдік азаматқа қатысты бұзақылық жасады деген күдікке ілінген жас жігітті анықтады.

Ол Ескелді ауданының 24 жастағы тұрғыны болып шықты.

— 19 қарашада қалалық полицияға алыс шетелдің 28 жастағы өкілі жүгінді. Өз мәлімдемесінде ер адам оны қалалық супермаркеттердің бірінде ұрып-соққан. Жәбірленуші оған шара қолдануды талап етті. Тәртіп сақшылары күдіктіні бір сағат ішінде ұстап, полицияға жеткізді, — делінген Талдықорған полициясының ресми мәліметінде. Қазір күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп, Қылмыстық кодекстің 293-бабы бойынша іс қозғалған.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?