Шешенстан прокуратурасы 17 жастағы қызының күйеуге шығу туралы шешімін естіп, оны ұрып, шашын алып тастаған тұрғынның ісін сотқа жіберді.
Бұл туралы Znak.com сайтына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Ер адамға РФ Қылмыстық кодексінің 156 бабы (кәмелетке толмаған балаға тәрбие беру міндетін лайықты орындамау) бойынша айып тағылып отыр. Мұндай қылмыс үшін максималды жаза ретінде үш жылға бас бостандығынан айыру қарастырылған.
Тергеу дерегі бойынша, ер адам қызының күйеуге шығу туралы шешімін естігеннен кейін, қызды аяусыз ұрып, шашын алып тастаған.