«Аstana LRT» ЖШС өкілдері елорда әуежайында орналасты делінген 1,4 млн теңгелік паркомат қағазына қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
“Аталған фотосуретте әуежай маңындағы көлік тұрағы үшін 1 457 000 теңге төленген деп көрсетілген. Бұл не фотомонтаж, не әңгіме Алматы әуежайы туралы, нақты растай алмаймын.
Өйткені Астанада төлем жүйесі осы жылдың 9 тамызынан бастап енгізілді. Бүгін жұмыс істеп жатқанына 12-ші күн. Ал мына суретке қарап ақының 24 күн, 17 сағатқа төленгенін байқауға болады”, – дейді баспасөз хатшысы Асқар Атағулин.
Сурет әлеуметтік желіде 19 тамызда пайда болды. Жариялаушы автор аталмыш паркоматтың Астана әуежайы аумағында орналасқанын айтқан.