jasqazaq.kz

Шекара қызметінде «Шекара аруы» бейнебайқауының жеңімпазы анықталды

06 наурыз, 13:25

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі әскери қызметшілерінің жұбайлары арасында «Шекара аруы» атты бейнебайқау ұйымдастырды. Аталған байқаудың басты мақсаты – Шекара қызметінің жауынгерлік қызметін кеңінен насихаттау, әскери қызметшілердің отбасыларына қолдау көрсету, шалғайдағы шекара бөлімшелеріндегі қызметтің беделін арттыру, сондай-ақ әскери қызметшілер жұбайларының шығармашылық әлеуетін насихаттау.
Байқауға Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелерінен 14 үміткер қатысты. Байқау шартына сәйкес әрбір қатысушы шалғайдағы шекара бөлімшесіндегі отбасы тұрмысының ерекшеліктерін, қызмет жағдайындағы отбасылық өмірдің маңызын бейнеролик арқылы көрсетуі тиіс болды.
Ұсынылған бейнероликтер «shekaraknbkz» Instagram парақшасында жарияланып, онлайн дауыс беру Telegram арнасында өткізілді.
Байқау ҰҚК Шекара қызметі Әскери-патриоттық қызмет басқармасы ұйымдастырған және «Застава Тарландары» республикалық қоғамдық бірлестігінің қолдауымен өткізілді.
Марапаттау рәсімі Шекара қызметінің Орталық аппаратында салтанатты түрде өткізілді. «Застава Тарландары» РҚБ төрағасының орынбасары, полковник Ж. Мадединов:
«Байқау жоғары деңгейде өткізілді. Арнайы шалғайдағы заставаларда қызмет атқаратын әскери қызметшілердің отбасыларын қолдау өте маңызды. Қатысушылардың шығармашылық әлеуетін, патриоттық рухын және отбасылық құндылықтарды дәріптеуін көргенімізге қуаныштымыз», — деді.
Қорытынды нәтижеге сәйкес Шекара қызметі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің атынан қатысқан Аружан Кулманбетова бас жүлдені иеленді. Шекара қызметі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті атынан қатысқан Айназым Қабылтай екінші орынды жеңіп алды. Ал Шекара қызметі Павлодар облысы бойынша департаменттің өкілі Маржан Чужаева құрметті үшінші орынға ие болды.
Барлық қатысушылар шығармашылық шеберлігімен, шынайы патриоттық рухымен және отбасы құндылығын дәріптей білуімен ерекшеленді.
JQ-Aqparat

Сурет: ҰҚК Шекара қызметі

Бүгін, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
Бүгін, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
Бүгін, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді